• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

12 Сәуір, 18:25:31
Алматы
+35°

15 Қазан, 2018 Әлем

Түсте бір мызғып алған финнің қалтасы қалыңдай түседі

Жұмыстағы ұйқыға берілетін уақыт – 30 минуттан 60 минутқа дейін созылады.

Хельсинкиде жұмысшылар түс кезінде бір сәт мызғып алады. Жұмыс уақытында ұйықтағаны үшін ешкім олардың жалақысын қысқартып, жұмыстан шығармайды. Керісінше, компания ұйқы үшін жұмысшыларға ақша төлейді. Себебі, финдік кәсіподақ  түскі ұйқы қызметкерлердің жұмыс белсенділігіне ғана әсер етіп қоймай, фирманың қаржылық жағдайына да оң әсерін береді деген ұйғарымға келген.

Тіпті кейбір фирмалар медитация жасауды үйретіп, түс кезінде барлық жұмысшының ұйықтағанын қадағалайтын маман жалдаған.

♦Финляндиялық қорап қазақтың әйелдеріне керек-ақ

-Жұмыс адамға босаңсуға мүмкіндік бермейді, бірақ жаттықтырушының көмегімен өзіңді еркін сезіне бастайсың. Бұл жағдайда нұсқаушының көмегі алтынмен пара-пара. Қызметкерлерге кішігірім еңбек демалысын алуға көмектеседі-, - дейді Sofia Future Farm орталығының демалысты ұйымдастырушысы Тиина Вайнио.

Хельсинки кәсіподағы түрлі компания жұмысшыларының арасында сауалнама жүргізгеннен кейін түскі ұйқының пайдалы екендігі туралы тұжырымға келген. Адамдар жұмыста қатты шаршайтынын, отырып істейтіндіктен арқа мен белі ауыратынын айтқан. Соның салдарынан, адамдар жұмыстан тезірек үйіне қайтқысы келеді екен.

Финляндияның федералдық бұқаралық ақпарат құралдары Хельсинкидегі жаңа тренд туралы жұртшылыққа осылай қуана хабарлап жатыр.. Журналистер жақын уақытта Финляндияның басқа қалаларында да жұмыста  ұйықтауға рұқсат берілетінін айтады.

Демек, бұрын ұйқы еріншектікпен байланыстырылса, қазір адамның еңбекке қабілетін арттырады деген түсінік қалыптасып келеді.  

Ал жұмыстағы ұйқыға берілетін уақыт  30 минуттан 60 минутқа дейін созылатынын айта кету керек..

Бұған дейін де Еуропада жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыру мақсатында түрлі тәжірибе жүргізілген. Мәселен, жұмыс күнін 5 күннен 4 күнге қысқартқан. Соның нәтижесінде жұмысшылар жақсырақ жұмыс істей бастаған. Компанияның кірісі артқан. 

Ал Қазақстанда жағдай өзгерек. Мұнда жұмыс берушілер қол астындағы қызметкерлердің жұмысқа ерте келіп, кеш қайтуын қалайды. Алайда қызметкерлердің ондағы физикалық, психологиялық жағдайына онша мән бере бермейді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір