• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Қараша, 15:58:28
+12°

29 Қараша, 2018 Саясат

Оралман президент екі рет күйеуге тиген, баласы АҚШ-та, қызы Францияда тұрады

Грузиядағы екінші турдың президенттік сайлауында Саломе Зурабишвили жеңіске жетті.

 

Грузиядағы екінші турдың президенттік сайлауында Саломе Зурабишвили жеңіске жетті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала жасалған есебі бойынша ол 59,52 пайыз дауыс жинап, ел президенті атанды. Ал онымен бәсекеге түскен Григол Вашадзе 40,40 дауыспен екінші орын алды. Тақталаста сөйтіп, «Грузин арманы» партиясының атынан ұсынылған кандидат жеңіске жетті. Нақты дерекке жүгінер болсақ, Зурабишвилиге 1.1 миллион адам дауыс берді, ал Вашадзе 780 мың грузиннің дауысын алды.

Халықтың 52,23 пайызы қатысқан бұл сайлауға шетелде тұратын грузиндер де дауыс берді. Енді Зурабишвили елді алты жыл басқаратын болады. Бұл –халық сайлайтын соңғы президент. Ал бұдан кейінгі президентке парламенттегі 300 депутат дауыс беретін болады.  

Зурабишвили 1952 жылдың 18 наурызында Парижге қоныс аударған саяси эмигранттердың отбасында дүниеге келген. Ол 30 жылға жуық Францияның Сыртқы істер министрлігінде қызмет істеген. 2004-2005 жылдары еліне келіп, Грузияның Сыртқы істер министрі лауазымында болды. 2005 жылы «Грузия жолы» атты партия құрды. 2007-2009 жылдары Саломе Зурабишвили ел оппозициясында басқа саяси ұйымдармен бірге Саакашвилиге қарсы белсенді жұмыс істеді, наразылық шеруін ұйымдастырды. Бірақ көп ұзамай саясаттан мүлдем кетуді ұйғарды. 2013 жылы Франция және Грузия азаматы болғандықтан оны Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидат ретінде тіркеуден бас тартты. 2016 жылдың тамызында Франция азаматтығынан бас тартқан ол қайтадан президенттік сайлауға түсетінін жария етті. Сөйтіп, «Грузин арманы» партиясымен бірігіп, өзінің кім екенін дәлелдеп және елдегі басқа да мүдделес ұйымдардың қолдауымен жеңіске жетті. Ал Михаил Саакашвилидің жақтасы Вашадзе неліктен жеңіліп қалды? Мұның бірнеше себептері бар:

  1. Бұрынғы президенттің мүдделесі Григол Вашадзе егер президенттік сайлауда жеңіске жететін болса, ең алдымен Саакашвилиді және оның түрмеде жатқан барлық жақтастарын босатуға уәде берді.
  2. Ал жаңару мен қоғамдағы өзгерістерді қалайтын халық Саакашвилидің адамдарының қайтадан билікке келуін қалаған жоқ. Егер Вашадзе президент болса, Саакашвилидің айтақтауымен елде тағы да текетірес орын алуы әбден мүмкін еді. Сондықтан мұның ауыр зардаптары болатынын халық түсінді.
  3. Оның үстіне Саакашвилидің Украинадағы істеген саяси оппозициялық жағымсыз әрекеттеріне грузиндер тарапы жағымсыз баға берді. Шын мәнінде Грузия тағы да азаматтық соғысқа душар болуы мүмкін еді.

Ал «Грузин арманы» партиясының атынан ұсынылған, Парижде туып, саяси белсенділігімен Грузияда көзге түскен Зурабишвилиді халық неге қолдады?

  1. Сарапшылардың айтуына қарағанда, Зурабишвилиді қолдаған жетекші партия мен халықтың басым көпшілігі Саакашвилидің елге қайтадан оралуын қалаған жоқ.
  2. Екінші турдың барысында Зурабишвили халыққа тікелей сауал тастады: Біз, не Саакашвили? Кімді таңдайсыз?
  3. Осындай сауал қою арқылы Зурабишвили әрі-сәрі күйде тұрған халықтың біразын өз жағына тартып әкетті. Сөйтіп, осыдан алты-жеті жыл бұрын Грузияға келіп, саяси белсенділігін бастаған Саломе Зурабишвили нақты бағдарламасының арқасында президенттікке сайланды.

Сонымен оралман атанған Саломе Зурабишвили кім?

  1. Оның аталары 1918-1920 жылдары Грузияда Кеңес Одағы орнағаннан кейін қудалауға ұшырап, Парижге келіп тұрақтаған жеті саяси эмигранттың бірі.
  2. Зурабишвилидің қос дипломы бар. Ол Париждің саяси ғылымдар институты мен АҚШ-тың Колумбия университетін бітірген.
  3. Францияның Сыртқы істер министрлігінде, БҰҰ-да, ЕҚЫҰ-да және Францияның Италиядағы елшісі болып қызмет істеген.
  4. Ол Францияның бірнеше мемлекеттік орденімен марапатталған.
  5. Зурабишвили екі рет тұрмысқа шыққан. Екінші күйеуі грузин философы, тарихшы, публицист – Анри Джашия. Ол осыдан алты жыл бұрын қайтыс болды.
  6. Бірінші күйеуі Николоз Гугушвилиден қалған екі баласы бар. Үлкен ұлы Теймураз Біріккен Ұлттар Ұйымында, ал қызы Кетеван Франция телерналарының бірінше тележүргізуші болып жұмыс істейді.
Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір