• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

04 Қаңтар, 2019 NEWS

Үш адамның өмірін жалмаған жол апатына қатысты тың деректер пайда болды

Салтанат Әзірбек сұхбатында бап сол, бірақ 4-ші бөлім бойынша айып тағылғанын растады

Жаңа жылдың қарсаңында Алматыда орын алған ірі көлік апатына қатысты тың деректер пайда болды. Құқық қорғау органдарынан бой тасалаған күдікті 7 жылдан 12 жылға дейін жаза арқалайтын болады. Бұл туралы бүгін қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ал осы апат кезінде тірі қалған актриса Айзада Сатыбалдиева әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалайды. Сондай-ақ, марқұм Шолпан Елгезековамен бірге көз жұмған көлік жүргізушісі мен актрисаның құрбысы туралы да деректер мәлім болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана арнасының мәліметіне сүйене отырып.

Қайғылы оқиғаға қатысты түрлі мәліметтер жаңа жылдық демалыс күндері әлеуметтік желіні қатты дүрліктірді. Сенбі күні таңға жуық болған көлік апатынан алғашқыда екі адам қайтыс болған деген мәлімет тараған. Оның бірі кино және театр актрисасы Шолпан Елгезекова екені белгілі болды. Ал «Мерседес Гелендваген» көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалуы қоғамдық резонансты күшейтіп жіберді. 

Мынау бәрін қиратып тастады...

Көп ұзамай оқиға болған жерден бейнетүсірілімдер тарады. Полиция департаментінің орталық басқару жүйесінде тіркелген мына бейнежазбада жол талғамайтын көлік бағдаршамның қызыл түсіне өткені анық көрінеді. Алдын ала болжам бойынша, ережені «Гелендваген» жүргізушісі бұзған. «Ол көп ұзамай ұсталды және оның рөлге мас күйінде отырғаны белгілі болды»-деді полиция департаментінің ресми өкілі. 1985 жылы туған күдіктіге Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабымен айып тағылып отыр. Ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Тергеп жатқан анықтау басқармасының қызметкерлері сот прокурор алдында бұл азаматты қамау туралы ұсыныс жасады. Мұны сотта, прокурор да қолдады. Тергеу кезінде бұл азамат міндетті түрде қамауда болады, қазір тергеу изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, іс материалдары сотқа жолданатын болады" - деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Жеңіл автокөліктің тізгінінде болған Бақытнұр Құныпия есімді мына жігіт. Ол оқиға орнында бірден көз жұмған. Алматы облысы Қаскелең қаласында колледжде жұмыс істеген. Әріптесі әрі досы Долқын Нұрсали 2002 жылы Қытайдан көшіп келгенін айтты. Содан бері жұбы жазылмай соңғы күнге дейін бірге жүрген. Бақытнұрдың анасы мен үш бауыры Қытайда тұрады деді. Ал, өзі білім іздеп, тарихи отанына қоныс аударған.

"Соңғы рет мен оны 28-і күні таңертең көрдім, ол ұйықтап жатқанда мен жұмысқа кеткенмін. Содан мен ауырып больницаға жатып қалдым, ертесі сағат 10-дарда маған Бақытнұр авариядан қайтыс болды деген хабар келді. Машинасын кредитке алған болатын. Өзі бір күйзелісте жүрді, жалқысы жетпейтін. Сосын такси боламын деп шығып кететін қалаға. Ойламаған жерден осындайға душар болып отыр" - деді досы Долқын Нұрсали.

«Мицубиси» көлігіндегі жолаушылардың арасында аман қалған жалғыз жолаушы Айзада Сатыбалдинованың жағдайын дәрігерлер әлі де ауыр деп бағалап отыр. Ол Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының актрисасы, қазір ол жансақтау бөліміне жатыр.

"Қазіргі кезде жағдайы ауыр. Бір қалыпты. Диагнозы: қосарланған ауыр жарақат, жабық бас ми жарақаты, бас миының соғылуы. Көптеген қабырғалары сынған, травматикалық шокта әлі", - деп атап өтті Алматы қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Оңласын Ибекенов.

Шолпан Елгезекова Астана арнасында қараша айында тұсауы кесілген «Жүрек сыры» телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдаған болатын. Ал, жол апатының үшінші құрбаны-Астана қаласының тұрғыны. Екі баланың анасы Динара Хамитова тағам тасымалдайтын компаниялардың бірінде атқарушы директор болып қызмет еткен. Шетелдік қымбат көлік жүргізушісінің туыстары марқұмдардың жақындарынан кешірім сұраған. Мұны қайтыс болған жандардың туыстары айтты.

"Қалалық полиция департаменті басты күдіктінің атын атаудан бас тартып отыр. Прокуратура жергілікті полицияға оның фотосуретін көрсетіп, есімін толық атауға тыйым салған. Бірақ, соңғы күндері әлеуметтік желілер мен кейбір ақпараттық агенттіктер күдіктінің есімі Ильяс екені айтылып жатыр", - дейді тілші Ришат Асқарбекұлы.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

5 пікір

кыргыз 15 Желтоқсан, 2016

За то бызде казыр жогаргы кенеш , призидент елмен санасады, рахмет улкен

қырғыз баурыма 15 Желтоқсан, 2016

сонда не біздің елбасы халық пенен санаспайды деп түсінесіңбе қайта біздің елбасы жастарға барлық жағдай жасап беріп жатыр

қазақ 15 Желтоқсан, 2016

ата-баба іштен шықан жау жаман деп бекер айтпаған осындай оңбағандар елге іріткі салмаса екен алла өзің жар бол қазақ еліме

БАГЫС 16 Желтоқсан, 2016

ҚЫРҒЫЗ ДЕМОКРАТИЯСЫНА, ОППОЗИЦИЯНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУЫ БІЗДІҢ НАЗАРБАЕВҚА ҮЛКЕН СЕС. ӨЗІҢ КЕТ. КЕТПЕСЕҢ ОППОЗИЦИЯНЫ КӨТЕРІП ҚАРЖЫЛАНДЫРАМЫН ДЕГЕН СИГНАЛ. АЛЛА ЖОЛЫҢДЫ АШСЫН. АЛТЫНБЕК ПЕН ЗАМАНБЕКТІ ӨЛТІРТКЕННЕН КЕЙІН ОППОЗИЦИЯ ӨЛГЕН. БАР АҚШАҢДЫ ЖЕКЕ ӨЗІНЕ ЖҰМСА. КӨРЕТІН ҚОРЛЫҒЫҢДЫ КӨРІП БОЛДЫҢ ҒОЙ. ЕНДІ ӨЗІНЕ КӨРСЕТ.

оралман 16 Желтоқсан, 2016

багыс баурым тек мнеің түсінбегенім неге оны қолдап отырсың жалпы өзім көшіп келдім шымкент түлкібас ауданына жалпы жағдайым жақсы еңбек етіп дүкен ашып қәзір ваныкпадағы базарда бір десем өтірік болар екі дүкенім бар аллаға шүкір елбасыдан жамандық көрмедім аллаға шүкір осы дүкенің арқасында бала шағамды бағып отырмын тек бір жағдай бар салық жинаушылар және сэс мамандары менен керсіп қаламын кеше былай айтыңдарғо неге бүгін былай деп жалпы жағдайым жақсы алла шүкір мен елбасыға еш өкінбеимін егер осы кісі келіп елге бүлік салатын болса соңғы оғым қалғанша елді сосын елбасыны қорғап өтемін