• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

10 Қаңтар, 2019 Әдебиет

Арба сүйреген алапат ақын қайтыс болды

Qamshy.kz ақпарат агенттігінің ұжымы  марқұмның ағайын-туыстары мен әріптестерінің қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақ әдебиеті тағы да қазаға душар болды. 57 жасқа қараған шағында талантты ақын, тағдырлы қаламгер Сәбетай Сыпатаев өмірден озды. Бұл туралы "Қазақстан жазушылар одағының" Facebook-тегі парақшасы жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ол «Алматы-2» теміржол вокзалында жолаушылардың жүгін тасып, арба сүйреуді кәсіп еткен.

90 - жылдары әдебиетке өз қатарынан кешігіп келсе де, поэзияға соны серпін, тың ағыс ала келді. Тұңғыш жинағы 1993 жылы «Жұлдыздардың бағыты өзгермейді» атпен жарық көрген. «Көкбөрім көкке ұлыған!» поэмасы 2000 жылғы Қазақ радиосының жыр-мүшәйрасында Бас бәйгені жеңіп алған. Сондай-ақ, «Көкбөрім көкке ұлыған!», «Тағына қойдым патшасын сөздің», «Жер салмағы» атты кітаптары оқырман жүрегінен орын алған. Республикалық телеарналардағы «Шабыт шыңы», «Тұлға мен тағдыр», «Айтуға оңай» бағдарламаларында, қазақ радиосында сыр-сұхбат беріп, ой пікірлерін айтқан, өлеңдері оқылған. 2013 жылы «Жерді аяла, балам!» атты шығармашылық жыр кеші өткен.
Талантты, тағдырлы ақынның қай жерде, қандай қызметте жүрсе де, өзіне тән мінезі, салиқалы ойы, тұшымды пікірімен танылып, туған елдің, туған жердің мәртебесін көтерсем деген көңілдегі арманы бар еді.

Сәбетай Сыпатаевтың жарқын бейнесі жақындарының жүрегінде мәңгі сақталады.
Qamshy.kz ақпарат агенттігінің ұжымы  марқұмның ағайын-туыстары мен әріптестерінің қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Сәбетай Сыпатаев. Көк бөрім көкке ұлыған

(Поэма - интеграл)

 Мен – қазақпын!..

Еркіндік үшін жаһанға келдім,

Жаратқан иемнің шаттығын бөлдім.

Дүния есігін Абай боп ашып,

Тағына қойдым патшасын сөздің.

Тағдыры бөлек бір қауым елмін,

Пейілімменен даладай кеңмін,

Асан Қайғының арманын қудым.

Мұқағалимен мәңгілікке ендім.

Аспанды бермеген жаңбырды көрдім,

Махамбет кешкен тағдырды кердім.

Аңқылдап өскен аз ғана жұртпын,

Тумысы бөлек бір қауым елмін.

Тұмар патшайым ордасын көрдім,

Заманалардың жалғасын көрдім.

Ұлы даланы еншілеп алып,

Мың жылдықтардың тарихына ендім.

Дауылдардан-дауылға кірдім,

Болашағымның жолында жүрдім,

Арқаланып жалындап жүрдім,

Жалғызым - Жаратқан Иеме сендім!

Қабанбаймын!

Бөгенбаймын!

Райымбекпін, жауымды жендім!

Төленің даналығымын,

Қазыбек даралығымын,

Әйтеке тілегіндемін,

Құрманғазы күйлеріндемін,

Қажымұкан білегіндемін,

Бауыржанның жүрегінде едім...

Қасиет құрамындамын,

Пәнидің сынағындамын,

Қобыздың бұрауындамын.

Қорқыт...  мұң түнегіндемін.

...Домбыра серігім менің,

Өренімін Жамбылдың.

Қара өлең өмірім менің

 

(Поэма - интеграл)

 

 

Мен - қазақпын!..

Еркіндік үшін жаһанға келдім,

Жаратқан иемнің шаттығын бөлдім.

Дүния есігін Абай боп ашып,

Тағына қойдым патшасын сөздің.

Тағдыры бөлек бір қауым елмін,

Пейілімменен даладай кеңмін,

Асан Қайғының арманын қудым.

Мұқағалимен мәңгілікке ендім.

Аспанды бермеген жаңбырды көрдім,

Махамбет кешкен тағдырды кердім.

Аңқылдап өскен аз ғана жұртпын,

Тумысы бөлек бір қауым елмін.

Тұмар патшайым ордасын көрдім,

Заманалардың жалғасын көрдім.

Ұлы даланы еншілеп алып,

Мың жылдықтардың тарихына ендім.

Дауылдардан-дауылға кірдім,

Болашағымның жолында жүрдім,

Арқаланып жалындап жүрдім,

Жалғызым - Жаратқан Иеме сендім!

Қабанбаймын!

Бөгенбаймын!

Райымбекпін, жауымды жендім!

Төленің даналығымын,

Қазыбек даралығымын,

Әйтеке тілегіндемін,

Құрманғазы күйлеріндемін,

Қажымұкан білегіндемін,

Бауыржанның жүрегінде едім...

Қасиет құрамындамын,

Пәнидің сынағындамын,

Қобыздың бұрауындамын.

Қорқыт...  мұң түнегіндемін.

...Домбыра серігім менің,

Өренімін Жамбылдың.

Қара өлең өмірім менің

Қожасымын тағдырдың!

Шабытым шарықтатқанда -

Шегіне жетем самғаудың.

Ылдиынды да, өрінді де.

Танымайтын тарланмын!

Түмен-түмен қол бастаған,

Тау тұлғалы сардармын.

Найзасымен көк тіреген.

Апайтөсті сарбазбын.

Атқа қарғып мінгенімде,

Ұрдым-       пердім - аңғалмын

Дүбірлеткен аламанмын,

Жапан дүзін жалғанның!

 

* * *

 

Мен - қазақпын!..

Тел өстім күн менен түнмен,

Қастерлеп сенімнің жолын.

Намысым нарқымды білген,

Қанымда сақтаулы тегім -

Қатулық сақтығым еді,

Парқыммен тасты жоныдым,

«Қыз Жібек» пәк мұным еді,

Абылай - патша көңілім!

Ожданым жаралған оттан,

Қолдаушым бір Тәңірім!

Сенімнің жұлдызын жаққан,

Еркіндік сұлтанымын!

 

Қиырлап шет жерде жүрдім.

Сағыныш, шерім көп.

Ызғарлы өткелде тұрдым,

Арқалы шеру боп.

Аттың жалында жүрдім,

 

Көшпенді өмір боп.

Ойдың жонында жүрдім,

Еңіреп «Елім» деп.

Басыма күн туғанда,

Етігіммен су кештім.

Үмітім кырқылғанда,

Әруа0тармен тілдестім.

Қанатым кайырылғанда:

Ән - «Назар-Базармын»,

Тағымнан айырылғанда

«Желтоқсан»... көз алдым...

Фәниден өтсем,

Шежіре ғұмырымын.

Жоғалып кетсем,

Асылдың сынығымын.

Дұшпаным сатса:

Адамның перісімін.

Өлігім жатса,

«Арланның терісімін».

Ел-жұртым тоналғанда

Аралдай суалдым.

Тәуелсіздігім оралғанда,

Баладай қуандым.

 

* * *

 

Мен - қазақпын!..

Түркі тілдімін.

Түғырым Сақтан.

Күнбиімді Көкбөрі баққан,

Бір отауымнан тараған Үйсін,

Талай бір елдің шаһарын шапқан.

Қаңлы мен Қыпшақ,

Оғыз бен Алаш...

Бәрі бір жерден

Бастауын тапқан.

... Күн баласымын!..

Бір жұртым Ғұннан.

Ниетім нұрдан,

Қуатым Хақтан!

...Қай заман мынау,

Бұ кімдер өзі?

Сақтасын кұдай,

Ұрпағым, сақтан.

32-ні ұмытпа, жұртым,

86-да кімді алды тақтан?

Ілімің - Құран,

Тұнығың - иман.

Жауым жоқ деме,

Ұраның - «Аттан!»

Талай да талай боздағым өткен,

Аждаһаңды мүдірмей атқан.

Құйындаған талабым қайда?!

Құштарлығым... оралым ұайда?!

Алатауыңды айналып шығып,

Ұлы Даланы бес орап жатқан.

...Қарашығым-ай!..

... Жанашырым-ай!

Әумесер нәпсінің сорына батқан.

Ақиығым бар еді-ау,

Қияннан тоят алатын.

Лашын құсым бар еді,

Ағылып келіп, қағатын.

Аққу құсым бар еді,

Айдынға қатар қонатын.

Хас батырым бар еді,

Қайысқан қолды жаратын.

... Қолым қорамсағымда жүретін...

Көзім ғаламшарыңда болатын.

Адырнаны аңыратқанымда,

Жауымды жебем табатын.

Күреңім күлдірлегенде,

Сай- сала құлақ салатын.

Алты құлаш найзамды ойнатқанымда,

Алты  шақырымнан найзағай жанатын.

Қырықтың бірі Қызырым еді,

Сәйгүлігім - канатым!..

Жалғыз Иемнің кұзырында едім.

Өзенім жоғары ағатын.

Дариға, дүние-ай, бір адымда екен,

Мәңгілік түнек-қара түн.

 

* * *

 

Мен - қазақпын!..

...Қазығұрт деген жердемін.

...Бір балама шежіре бастап бергенмін:

Зор байлығың - дінің дегем.

Ит - жеті қазынаның бірі дегем!...

Бұл керуен - менің керуенім!

Көліктен қара нарым бар,

Жұлдыздан жорамалым бар,

Тарихым     қанмен жазылған,

Тіл-көзге «сабалағым» бар.

Жалпыдан жамағатым,

Жалғыздан аманатым...

Төрт түлігім,

...сегіз қырым,

...тоғыз... торабым.

Жеті қазынамда бір оралым...

Ұлы тойыма «Тайқазаным» бар.

Жарқыным бар күн болып күлімдеген,

Алтыным бар қадірі білінбеген.

Сырым батыр мәңгілік тарихқа енді,

Науырызбай ерлігін халық көрді.

Меңмұратым жұлдызға бағыт берді,

Күлтегінім түнекті тілімдеген!!!

Сүйіншім бар қуанышымда жүгіретін,

Жөргегім бар жүргенге ілінетін.

Дәм-тұзымның жұғымы ықыласымнан,

Дәулетім бар ынтамен бірігетін.

Еркіндігім ынтымағыммен бағалы

Ұрпағыма мирасым қалады.

Жарым ырысым жақсы сөзімнен,

Жарты бақытым қолмен жасалады,

Өскенім алақанымда,

Өркенім әр отауымда.

Мерейім биіктігімде,

Үмітім болашағымда,

«Уәдем құдай атынан».

Тәубам қанағатымнан,

Негізім адам затынан,

Өмірім махаббатымнан.

Құмарыңдамын ожданның.

Суырылғанда алмас қылышпын,

Қайшылыққа еніп суарылғанда.

От шашып қадалар қанжармын!

... Пір - Бекет асатаяғы.

Қиырын тапқан

Оғыланның!

Жетісу, Көкше, Сарыарқа,

Ұлымын арман таулардын.

Хан жайлауымның төрінде

Хан Тәңіріндей маңғазбын.

Іліміме ізденген ғана жетеді.

Бір озса, бәрінен ниетім озып кетеді.

«Кұс жолының» көшпендісімін,

Ауылы-Атамекені!..

 

* * *

 

Мен - қазақпын!..

Ежелгі заманадан,

Түйсікпен хабар алам.

Өмірдің перзентімін,

Нәр алдым Жер - анадан.

Арғы атам арман қуып,

Сейхунды жағалаған.

Руым - адам Ата.

Туылдым Хауа Анадан.

Абызым қариядан.

Анызым дүниядан...

Қазығұрт кемесінің.

Мазмұнын жобалаған.

... Қарақты баба болған,

Қанатты баба болған.

Тізгіндеп пенделігін,

Тілегін жаңалаған.

Тылсымдар әлемінің,

Қисынын салалаған.

Уақыт дариясы,

Бағытын саралаған.

..Көкбөрім көкке ұлыған!..

...Байбөрім аян алған...

Түстігім Темірқааық,

Ұшқыным - талап... арман.

Құлпытас - терістігім,

Киіз үй - кеңістігім.

Ой толқын, сезім теңіз,

Сөз деген қара маржан!

...Әулие баба болған...

...Әмбие... Дана болған.

Бәрі де бір атадан,

Бәрі де бала болғап.

... Дүние шолақ екен,

Адамдар қонақ екен.

Ел көшкен, дәуір көшкен,

Далиып дала қалған.

... Қаралы көш келеді...

Боз жорға бос келеді.

Қамкөңіл қайран елім.

Бақ қайда жаңа жанған?!

Сақтай гөр, Жаратқаным,

Ниетті қаралардан.

Пөледен, жалалардан,

Шырмауық зобалаңнан.

Ар, иман, шындығың бар,

Қиырың, құрдымың бар

Кеудеңде жаның барда,

Лаулап қал, «қонақ-адам».

Майқы Би!..

Арыстан Баб!..

Беу, Иассауи!..

...мың жылды шамалаған.

Қайып Ерен Қырық Шілтен,

... Ғайыбым... пана болған.

Бәйдібек, Баласағұн,

Дулати, Өтейбойдақ

Ғасырлық асулардың,

Биігін бағалаған.

Ақ берен арыстарым,

Жауына дара барған.

Отызда орда бұзған,

Қырықта қамал алған.

Жақсының аты қалды,

Хат қалды ғұламадан,

Мейірім... Айша... Гауһар...

Домалақ Анама тән!

Айналдым, аналардан!

Біртума бабалардан!

Қақ жарған қара қылды.

Хақ жолын калап алған.

Ағынан ақтарылып,

Ойымен от тамызып.

Әр алуан өлшемдердің,

Қабатын аралаған

Тауымның қасиеті,

Сөзімнің құдіреті,

Даламның ұлылығы,

Бір Алла Тағаладан!..

 

* * *

 

Мен - қазақпын!..

Бір көшім Жайықка барған,

Жайқалтып өңірдің гүлін

Қонысым Орынбор, Сауран...

Түркістан ғарышым, нұрым!

Құнтымнан құралып өлен,

Білегем азуымды айға!..

Құдалық мыңжылдық дегем,

Гүлденіп тұрғанда Сайрам.

Бес жаста тұлпарға міндім,

Уланмын қайтпаған жаудан.

Сыйласа білгенге Құлмын,

Құсым бар қолыма қонған.

Өмірім, өткелім-шынар,

Көзімін көненің - Ғұнның.

Жазықты Көкбөрі шығар,

Жазығым даланы сүйдім!..

Әңгімем, ол да бір нұрдан,

Әнім бар Әміре салған.

...Тұраннан табылған құмған

Қаракөз құрбымнан қалған.

Дүние өтерін сезгем,

Белгі жоқ, «бір ғасыр күнім.

Бір өзі бір елді жеңген,

Бейбарыс - тұрашылдығым!

Жұлдызы жарқырап туған,

Сара қыз өлеңнен - туғын.

Мәншүк пен Әлия қырдан.

Мұхтарым - кемеңгерлігім,

Ордам Әз Жәнібек ханнан,

Қосқұлақ....қос шынар жанған.

Суаным Меккеге барған

Сыпатай жебемнен - тұғын,

Дәуірден дауірге кештім,

Көрдім сантарауын жолдың.

Әсеттің ғұмырын кештім,

Жыр лағыл - маржанын тердім.

Қарасай, өр өмір еді,

Өзтүрік, өренім еді...

Жекпе-жек өнерім еді,

Паш еткен ерлігім Ердің.

Шоқан жұлдызым еді,

Жұлдызды сапары қалды,

Сүйінбай бір пірім еді.

...Кең етек шапаны бар­ды...

Біржан дүлділім еді,

Мағжан жыр-ғұмыр еді.

Жігіттің жиған мүлкінен,

«Ата жұрт-Отаны» қалды,

Бас арыс бауырым еді,

Бауырмал тілек болдым.

Үш арыс жарығым еді,

Түнектен түнекке ендім.

Бұхар алыбым еді,

Құлмамбет дауылым еді.

Шәмші ән дәуірім еді.

Ой-қырда күн өткердім.

 

* * *

Мен - қазақпын!..

Пейілім - өрісім менін.

Тамырым теренде

Мейірім жемісіңдемін,

Құштармын өленге

Батқанда замана мұңға,

Өр кеудем ақ сауыт.

Қазынам далада, құмда.

Төрім - бір патшалық!

Болмысым жаралуымда,

Шарапат жақсымнан

Тұратын даналығымда.

Шырағым - «тақсыр-жан»

Өмірдің шындығындамын,

Білмекке құмартам.

Парыздың құлдығындамын,

Қарызым - «Кыл арқан».

Бір жұртым Қағанат екен,

Қалың ел құраған.

Кейінгім не болар екен?!

Бұрынғым «жылаған»...

 

* * *

Мен - қазақпын!..

Құлыным!

Ботам!.. Қылығы балдай.

Баласы жақсы қандай-ды.

Күнекей менің айдай ақ маңдай,

Қаракөзімнен аумайды.

Дүние кезек,

Дүние шолақ,

Дүния жалған алдайды.

Өзімді-өзім жаттай сыйладым,

Армансыз адам болмайды.

Жер танып жүрдім, ел танып жүрдім,

Тауымда қызыл бүлдіргең.

Қиядан таптым тәңірін гүлдің,

Қадірін оның кім білген.

Тұлпарым барда, сұңқарым барда

Мықтымын!

Мәртпін!

Сергекпін!

Бір күнім қызық,

Бір күнім қымбат.

Бір күнім артық бір күннен.

Өмірлік жолын бір кешетұғын,

Аққуға қарап сүйсінгем.

Аң менен кұм тілдесетұғын,

Төттімбет... Сүгір күйшімнен.

... Құмайдан тазы асырып

Қурайдан сырнай жасадым...

Бабамнын жұртын түйсінгем...

Боз жусанның иісінен!

Тұтана тудым әке қанымен,

Қасиетім ғой ол менің.

Қызыр бабамның өсиет сөзімен,

Қауышып жатыр Жер-Көгім.

Түнліктен нұрын төкті күнім,

Бір ауыз сөзге табынам,

Еркіңдігім мен тектігім,

Ана сүтімен дарыған.

Ұшқырлық алдым адырнадан,

Құлаңға құрық саламын.

Бір күндік сапар өмір маған.

Тал бесік - жарты ғаламым,

Ақ пенен қара бірге ме?

Ар үшін жан қиғаным бар

Қамшының сабындай дүниеде.

Ұстара жүзіндей иманым бар!

 

Мен - қазақпын!..

Сөйлеп кетсем, сөзімнің Атасы бар.

Ойлап кетсееі, ойымның сақасы бар.

«Өркенің өссін» дейтін әжем.

Атамның берген батасы бар.

Бөлісіп жегенді жақсы көрем.

... Өлеңді жақсы көрем,

Сенеңгейін,

Алтын адамым бар,

Пешене кесене.

«Ақтабан» заманым бар,

Көгерер көсеге,

Бейкүнә ғаламым бар

Ақ батам,

Алтындай сабырым

... бармақтай бағым...

... садаға - жаным!

Мыңдығыңнан мындығыңа қадамым бар!

Жақсылығым бар от болып жанатын.

Сәйгүлігім бар оқ болып ағатын.

Ешкімнен қалар жағдай жоқ

Буырқанып тұрған талабым бар.

...Өткердім бастан,

«Құлагер» мұңын.

Әл-Фарабидің мұрагерімін.

Ойран болған Отырардың

Батырмын, дастанмын,

Қолмерген Оспанмын.

Арманның бәрі менікі,

Астындағы айлы аспаның!

Мен - қазақпын!..

Еркіндік ұшін жаһанға. келдім.

«Мұңлық-Зарлықтан» сұлулық көрдім.

Қозы мен Баян боп: «бір молада өлдім».

Мәңгіліктемін!

Мәңгіліктенмін!!!

Нұр болып төгілдім,

Жыр болып егілдім,

Тағдырым,

Ділім,

Ғұмыр - Інжуім.

Тұтасып жатқан Өмірмін!

Тілегім тыныштығында Елімнің.

Дүнием түгелде «қоңырмын».

Жүрегім табиғатпен тамырлас,

Иесімін Жерімнің!

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

1 пікір

Бектас 16 Қаңтар, 2019

Топырығы торқа болсын, иманы саламат болсын...