• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

08 Ақпан, 2019 NEWS

Министр: Жастар 10-12 мың теңгеге пәтер жалдап тұра алады

Көп дегенде 3 жылға созуға болатын жалдамалы пәтер туралы келісімшартқа қол қоюға шақырамыз.

Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев Астана, Алматы және Шымкент қаласының жастары 12 мың теңгеге пәтер жалдап тұра алатынын айтты, -  деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

-Ол жалдамалы баспана болады. Көп дегенде 3 жыл мерзімге  созуға болатын жалдамалы пәтер туралы келісімшартқа қол қоюға шақырамыз. Жалдамалы пәтердің ай сайынғы төлемақысы — 10-12 мың теңге. Әкімдік өкілдері жастарға пәтерді жалға беру үшін нарықтан сатып алады. Осы санаттағы пәтерлерге үміткерлердің параметрлерін дайындадық. Бірінші талап - 29 жасқа дейінгі жастар. Екіншісі - жалға алатын адам міндетті түрде жұмыс істеуі керек. Берілетін пәтерлердің аумағы 40-50 шаршыметр болады деп болжануда, - дейді министр Дархан Кәлетаев. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір