• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 10:26:48
Алматы
+35°

25 Ақпан, 2019 Саясат

Әлихан Смайылов бірінші вице-премьер болып тағайындалды

Мәжіліс комитетінің мүшелері Ә.Смаиыловқа бірқатар сұрақтар қойды.

Бүгін Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің отырысы өтіп, онда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі лауазымына Әлихан Смаиловтың кандидатурасы келісілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметінің дерегін негізге алып. 

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды. Қазақстан Премьер-Министрінің атынан кандидатураны Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды. Мәжіліс депутаттарының алдында сөз сөйлеген Н.Алдабергенов А.Смайыловтың қаржы секторында мол тәжірибесі бар екендігін атап өтті.

Мәжіліс комитетінің мүшелері Ә.Смаиыловқа бірқатар сұрақтар қойды. Талқылаудан кейін тиісті Қорытынды қабылдады. Комитет отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Әлихан Асханұлы Смаиыловтың кандидатурасын қарап, аталған кандидатураны Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынуға болады деп есептейді. Отырыс соңында депутаттар кандидаттың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір