• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:23:56
Алматы
+35°

29 Наурыз, 2019 NEWS

Қытайлар мен үнділер "Мисс Қазақстанды" көруге 73 миллион теңге жұмсамақ

"Олар біздің қыздарымыздың сұлулығына тамсануда, және бұл жағдайды біз дұрыс деп есептейміз"

Қазақ қыздарының сұлулығына таңданған қытай және үнді туристері «Мисс Қазақстан» сұлулық байқауына 73 миллион теңге көлемінде ақшалай қаражат төлемек. Мәдениет және спорт вице-министрі  Ерлан Қожағапанов  туристік бизнестің елімізге әкелетін тиімділігі туралы мәлімдеді деп хабарлайды  Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

"Біз туристік бизнесте маңызды кездесу өткіздік, соған орай бүгінгі күні көптеген қытай және үнді туристері осы байқауды асыға күтуде, олар үнемі жаңалықтардан, интернет желілері арқылы бізді бақылап отырады және елімізге келуге асық. Бұдан бұрын "Мисс Нұр-Сұлтан" (бұрынғы атауы "Мисс Астана") байқауын ұйымдастырғанда 400 қытайлар мен үндістер байқауды тамашалауға келген",- дейді  Кожағапанов. 

"Қазіргі уақытқа сәйкес "KazakhTourism" ұлттық компаниясын құру дұрыс деп есептеймін. Себебі біздің елімізде туристік бизнес Америка, Ресей, Еуропа елдеріне қарағанда артта қалған. "

Вице-министрдің айтуынша Мәдениет министрлігі   «Қазақстан аруы» байқауын  елімізде өткізуді ұйымдастырып жатыр. Сондай-ақ байқаудың  қорsтындысы 2019 жылдың шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. 

"Байқауға қатысуға жұмсалған қаражат шамамен 73 млн 200 мың теңгені құрайды, бұл қаражат «осы жылы және келесі кезекті жарыстарға қатысатын туристердің есебінен төленетін болады" - деді Кожағапанов

"Олар біздің қыздарымыздың сұлулығына тамсануда және бұл жағдайды біз дұрыс деп есептейміз"деп сөзін қортындылады Мәдениет және спорт вице-министрі.

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір