• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Қыркүйек, 01:45:14
"Шетелде оқу – өмірлік миссия мен қызметтік жолыңызды тануға көмектеседі"

12 Сәуір, 2019 Ғылым-білім

Адам көшірмесін жасауға неге тыйым салды?

Адам көшірмесін адам жасай алады ма?

Адамды клондау туралы әлем баспасөзінде мың бір түрлі қауесет бар. Тіпті, кейбіреуіне көз жүгірте қалсаң, фантастикалық киноның сценарийі іспетті. Адамның көшірмесін жасау адамның қолынан келеді ме? Расында осы күнге дейін тәжірибеде мұндай жайт кездескен бе?

2002 жылы америкалық Clonaid компаниясының басшысы Брижит Буаселье Ева есімді жер шарындағы алғашқы адам клонының дүниеге келгенін мәлімдейді. Тіпті, Еваның 31 жастағы анасының генетикалық көшірмесі екені де нақтыланған. Сол уақытта іске мықтап кіріскенін көрсеткісі келген Буаселье алдағы уақытта компанияның тағы да төрт адам клонын дүниеге әкелмек ойы бар екенін айтады.

Ал ғылым айналасындағылардың барлығы бұл ақпаратқа таң-тамаша болды. Уағында адамның көшірмесін қаз-қалпында жасау тәжірибесі дегенге ешкім сенбейтін болып шығады.

Ең ақырында ғалымдардың аталған ақпаратты өтірік сөзге балап, сенімсіздік танытқан көзқарастары дұрыс болып шықты. Қалай?!

Clonaid компаниясы раэлиттер сектасының ақшасына құрылғаны дәлелденген. Ал раэлиттер адамзат жаратылысын жатпланеталықтардың клондау тәжірибесінде пайда болған дегенге шүбәсіз сенеді. Ал бұл көзқарасқа қатты қызыққан компания зерттеушілері клондау арқылы адам баласына мәңгі өмірді сыйлаймыз деп үміттенген.

Еваны жоққа шығарған қоғамға наразы болған Буаселье көпшілік алдында экспериментті дәлелдемек болып сөз береді. Бірақ уәде желге ұшты.

Сот істерін атқарушылар клон-қыздың тұрғылықты мекен-жайын қанша іздесе де, ешбір нәтиже бермеді. Ал америкалық компания басшылары жаһанға жар салып, кішкентай балалардың клондарын жасағын туралы және ұрпақ жалғастыра алмай отырған отбасылар олардың өнімін қолдануға ықылас танытқаны жайлы ақпарат таратуын тоқтатпады. Бірақ сөздеріне салмақ беретін ғылыми негіздер мен сынақтың сәтті өткенін дәлелдейтін нақты фактілер еш жерде айтылмады.

Әзірге адамды клондау идеясы – фантастикалық дүние. Оған бүгінгі техниканың, технологияның қауқары жеткенімен этникалық, діни сенім, заң сынды күштер бірауыздан қолдамайтыны анық.

1998 жылы Париж қаласында Еуропа адам құқықтары Конвенциясына толықтырулар енгізіліп, адамның көшірмесін жасауға біржола шектеу салатын құжатқа қол қойылды. Бұл шектеу Жапония, Франция, Испания, Ұлыбритания және басқа да бірқатар елдерде күшін жоймай тұр.

Ал Ресейде бұл жол заңды болып есептеліп келген-ді. Тек 2002 жылы ғана уақытша тыйым салынды. 2010 жылы "ағзаларды клондау мен адам клондау арасындағы бірізділікті сақтайтын" заң күшіне енген уақытқа дейін шектеледі деген желеумен тыйым уақыты ұзартылды.

Әлемнің бірқатар қоғам қайраткерлері мен саясаткерлері адам клондауға шектеу қоюды қате деп есептейді. Соның бірі – Мемдуманың депутаты Владимир Жириновский. Ол Ресейдің аталмыш әрекетке тыйым салған уақытында:

"Біз клондауға шектеу қойып, тірі адамның ағзаларын ақшаға сатуға рұқсат етеміз. Ендеше неге клондарды тек ағзасын алу үшін ғана жасамаймыз? Сондай-ақ, талантты, білімді адамдарды клондау қажет. Экономика, демография, отбасы, дәстүр, денсаулық үшін біз клондауға қойылған шектеуді алып тастауға тырысамыз. Одан келер зиян жоқ, тек пайда ғана", - деген еді.

Бұл бағытқа сарапшылар қауымдастығының көзқарасы өзгешелеу. Мысалы, биоэтик Джейкоб Эппел клондар да адам сияқты шектеулі уақытта ғана өмір сүрсе, олардан түсер орасан зор пайда жоқ. Сонымен қатар, клондар адамдардың екінші сорты ретінде есептеледі. Ал бір қоғамда екі сортты адам өмір сүрсе, олардың құқығын қорғау қиынға соғуы мүмкін.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір