• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
21 Шілде, 09:34:53
Кайдзеннің өндірістегі қағидалары

15 Сәуір, 2019 Саясат

Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Ташкент қаласына барды (видео)

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Ташкент қаласына барды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбуктегі парақшасында хабарлады. 

Сапар аясында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен жеке және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізіп, бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылмақ. Сондай-ақ, БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.

Бұған дейін мемлекет басшысы Өзбекстанға алғашқы мемлекеттік сапары қарсаңында көрші елдің "УзА" ұлттық ақпарат агенттігіне сұхбат берген еді.

Ұсынған: Мақпал Сембай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір