• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Шілде, 05:24:30
Путин Зеленскийге барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

16 Сәуір, 2019 Әлеумет

Дәстүрді қайта жаңғыртып...

Бұл мереке 2010 жылдың мамырынан бері БҰҰ-ның шешімі бойынша 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді.

Сан ғасырдан бері салтын жоғалтпаған қазақ халқы ұлттық мейрамдарды отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап тойлап келеді. Наурыз мейрамы – ежелден қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Күнтізбе бойынша күн мен түннің теңесуі – 22 наурызға тура келеді. Көне парсы тіліде наурыз- «жаңа күн», яғни «жаңа жылды» білдіреді. Бұл мереке 2010 жылдың мамырынан бері БҰҰ-ның шешімі бойынша 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді.

Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Қара теңіз маңында, Балкан түбегінде, Орта Азияда, Кавказда, Таяу Шығыста тойлаған.

ЮНЕСКО 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын мәдени мұра тізіміне енгізді.

Ырыс пен ынтымақтың , береке мен бірліктің жаршысына айналған Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз мейрамын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жоғары деңгейде атап өтті. ҚазҰУ қалашығына ректорат пен әр факультеттің қазақ үйлері тігіліп, мерекелік атмосфера сыйлады. Самарқанның көк тасы еріп, барша тіршілік атаулы ұйқысынан оянатын жаңару мен жаңғыру кезеңі атанған Наурыз мейрамы- ұстаздар мен студеттер асыға күтетін ерекше мейрам. Жыл сайын келіскен сән- салтанатымен өтетін мейрам биыл да жоғары деңгейде аталып өтілді. Мерекелік шара ақсақалдың ақ батасымен ашылып, ақ жаулықты әжелер шашу шашты. Сахна төрінде әншілер ән шашуымен , бишілер биімен, күйшілер күйімен жиналған жұртшылыққа меркелік көңіл-күй сыйлады.

Тарихты түгендеп әр факультет ұстаздары өткен заманымыздың рухты тұлғаларын сомдап, сахналық көріністер көрсетілді. Мерекенің басты символы- Наурыз көже. Студенттер мен қонақтарға жыл бойы тоқ болып жүріңіздер деген ырыммен Наурыз көже таратылды. Бірнеше күн құбылып тұрған ауа райы да дәл осы күні ашылып, күн сәулесі өз нұрын шашып тұрды. Ұлттық өнегені ұлықтаған ұлы мейрам ұрпақтар үшін ұмытылмас өнеге.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, заң ғылымдарының кандидаты

Мыңбатырова Н.К

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір