• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Шілде, 15:43:25
"НЛО" деген жарықтық не болып шықты?(видео)

10 Мамыр, 2019 Спорт

Геннадий Головкин жаңа бапкерімен жаттығу кезіндегі бейнежазбасын жариялады

«Иә, мұны жаңару десек те болады: командамызға жаңа леп келді, барлығына жаңа көзқараспен қарап жатырмыз. Мен осыған дейін дұрыс емес жолмен жүрдік деп...

Геннадий Головкин жаңа бапкері Джонатон Бэнкспен дайындық қалай жүргізіліп жатқаны туралы бейнежазба жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Головкиннің Youtube  арнасына сілтеме жасап.

Геннадий жаттығу процессінен басқа Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен Сауль Альварес - Дэниэл Джейкобстің жекпе-жегі туралы айтты. Ол бокстағы үлкен шоуларды сағынғанын және не себепті бапкерін ауыстырғанын да баяндады.

«Иә, мұны жаңару десек те болады: командамызға жаңа леп келді, барлығына жаңа көзқараспен қарап жатырмыз. Мен осыған дейін дұрыс емес жолмен жүрдік деп айта алмаймын. Біз мансап жолымызда сәтті қадамдар жасадық, бірақ қазір басқа жолдар пайда болды. Мен өзімді қазір барлығын байқап көруге, білуге талпынған үйренуші сияқты сезінемін. Мақсат бар. Өткен жолмен жүру міндет емес – басқа жолдарды, басқа көзқарасты да сынап көру керек», - деді Геннадий Головкин бейнежазбада.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин Бэнкстің бапкерлігімен 8 маусым күні Нью-Йорк қаласында канадалық Стив Роллспен жекпе-жекке шығады.

 Ұсынған: Маржан Сәбет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір