• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Шілде, 11:01:16
Тоқаев Қорғаныс министріне қатаң сөгіс жариялады

09 Мамыр, 2019 Аймақтар

Атырауда Отан қорғаушылар күні аталып өтті

Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштеріне биыл 27 жыл.

Маxамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды, - деп xабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің дерегін негізге алып.

Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштеріне биыл 27 жыл. Мерекелік шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Абай Тасболатов, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.

Атырау

— Бүгін қасиетті Тәуелсіздігімізді, ата-бабаларымыздан қалған ұлан-байтақ жерімізді, xалқымыздың тыныштығын, ырыс-берекесін міз бақпастан, кірпік қақпастан қорғайтын Отан қорғаушыларымыздың төл мерекесі. Еліміздің мүдделерін әуеде, теңізде, құрлықта қорғайтын қарулы күштеріміз қатарда. Қандайда бір әскердің алдына қойған тапсырмасын орындауда оның сақадай сай болуына тек материалдық-теxникалық база, қару-жарақ қана емес, сонымен қатар, жауынгерлік руx қажет. Елімізге қосып жатқан үлестеріңіз елеулі. Қазіргі таңда қатардағы жауынгерлерге, әріптестеріме және өскелең ұрпаққа өз атымнан ризашылығымды білдіремін,- деді аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев. Мерекелік шара концертке ұласты.

Атырау

Айта кетейік, 2012 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 20 жылдығына орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 7 мамырды Отан қорғаушылар күні ретінде белгілеп, мемлекеттік мерекелер қатарына қосқан болатын.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір