• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Шілде, 00:58:34
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамы бекітілді

16 Мамыр, 2019 Әлемде

Президенттің иығына шыққан қандала желіде танымал болды (Видео)

Маңызды оқиға алдындағы қандаланың кедергісін президент әзілмен жуып-шайды.

Сенат алдында баяндама оқығалы тұрған Филиппин президенті Родриго Дутертенің иығына үлкен қандала шығып алып, кедергі жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі MSN сайтына сілтеме жасап. 

Желіге жүктелген видеоматериалда көмекші қыздың мемлекет басшысының иығындағы жәндікті алып тастауға ұмтылған әрекеті айқын көрінеді. Алғашында Дутерте көмекші қыздың не істеп жатқанын түсінбей қалады. Артынша өз үстіндегі қандаланы өзі алып тастайды.

Қанадала

Маңызды оқиға алдындағы қандаланың кедергісін президент әзілмен жуып-шайды. Оның айтуынша, бұл қандаланы президентке оппозициялық топтардың мүшелері жіберген-мыс.

Айта кету керек, бұл қандала президенттігіне қарамастан басқа шыққан жәндіктердің соңы емес. Бұрынырақ АҚШ-тың экс-президенті Барак Обаманың ерініне шыбын қонып, елді күлкіге қарық қылса, америкалық саясаткер Хиллари Клинтонның қасына еріккен шыбын келіп қонақтаған.

Аударған: Әділет Мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір