• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Шілде, 01:12:05
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамы бекітілді

16 Мамыр, 2019 NEWS

Ақтауда әйел көйлегін киген ер адамды полиция құрықтады (видео)

Куәгерлердің айтуы бойынша, желіде танымал болған көйлектегі азамат бірнеше рет әуесқойлар камерасының нысанасына іліккен.

Ақтау қаласының көшелерінің бірінде әйелдерге арналған көйлек киіп, бағдаршамда "жарқырап" жүрген ер адамды полиция қызметкерлері құрықтады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері бұл азаматты 2-ықшамауданда орналасқан "Алатау" сауда орталығының маңында ұстаған. Видеода әлгі азаматтың тәртіп сақшыларына барынша қарсылық көрсетіп жатқаны байқалады. Тіпті, оны патрульдік көлікке отырғызу үшін күш қолдану қажет болған.

Куәгерлердің айтуы бойынша, желіде танымал болған көйлектегі азамат бірнеше рет әуесқойлар камерасының нысанасына іліккен.

Полиция департаментінің мәлімдеуінше, бұл азаматқа Қазақстанның Әкімшілік кодексінің "Кішігірім бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалып, жауапқа тартылмақ.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір