• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:32:26
Алматы
+35°

26 Мамыр, 2019 Саясат

Ардақ Әшім: “Әблязов елім, жерім деп тер төгіп жүрген азамат”

Егер барлығы заң бойынша өтсе, шет елдерге қуылған саясаткерлер қайта оралып, сайлауға түседі

Белсенді Ардақ Әшім өзінің Facebook парақшасындағы тікелей эфирде 9-маусым күні өтетін кезектен тыс президент сайлауына қатысты өз ойын білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оның пайымдауынша, сайлауда Тоқаев немесе Қосанов жеңсе де, Назарбаевтың сөзімен ғана жүреді. Ол өзі байкот жариялауға шақыруда.

“Назарбаев билікті басқаруда. Ол өзіне қауіпті адамды сайлауға жібермейді. Қосановты қолдайтын зиялылар көп екен. Бірақ халық олардың сөзіне сеніп, алданып жатыр. Қосановтың бұрын Жасарал Қуанышалин ағамыз сайлауға түскісі келді. БІрақ билік тарапынан әртүрлі кедергілер ойлап тапты. Ол кісі өте алмады. Өйткені, ол өз көзқарасы қалыптасқан саясаткер болатын. Сайлауға тек биліктің қуыршақ адамдары қана өтеді. 30 жылда бізде ешқандай сайлау болған емес, болмайды да. Біздің бойкот жариялап отырған себебіміз – заңсыз сайлауды болдырмау”, - деді Ардақ Әшім.

Оның айтуынша, бұл сайлау Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып отыр.

“Егер заң бойынша үміткер мемлекетте соңғы 15 жыл тұру керек болса, неге Қасым-Жомарт Тоқаев президенттіке өтеді”, - деп ойын аяқтады.

Оның ойынша, егер барлығы заң бойынша өтсе, шет елдерге қуылған саясаткерлер қайта оралып, сайлауға түседі. Мысал ретінде, Мұхтар Әблязов пен Әкежан Қажыгелдинді еске алды.

“2 жылдай ДВК қозғалысының басшысы Мұхтар Әблязов күн сайын қазақстандықтардың саяси білімін ашты. Ол елім, жерім деп тер төгіп жүрген азамат. Оны билік қарақшы ретінде көрсетті”, - деді Ардақ Әшім.

Сөзінің соңында ол қытайлықтардың Қазақстан жеріне жерін алып жатқаны туралы ойын білдірді.

“Қытайға қазақ жеріне қолын тигізбеу керек. Шығыс Қазақстанда жер сатып алып, құс фабрикасын саламыз деді. Қай дамыған мемкелет болсын, ешқашан өзінің тамақ индустриясын басқа елге бермейді. Неге біздің зиялыларымыз бұл туралы сөйлемейді”, - деп тікелей эфирін аяқтады.

Дайындаған: Ильдар Адильченов

Ильдар Адильченов

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір