• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:33:34
Алматы
+35°

26 Мамыр, 2019 NEWS

Төбелес аяғы атысқа ұласты (видео)

ІІД мәліметіне сүйенсек, аталмыш оқиғадан ешкім ешқандай зардап шекпеген.

Желіде топ жігіттің төбелесінің атыспен аяқталғаны бейнеленген видео тарап кетті. Кейіннен бұл Мәскеу маңындағы Одинцово қаласында болған оқиға екені анықталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Бейнежазбаға назар салсаңыз, бірнеше жігіттің бір адамға сонша шүйлігіп, жұдырықтап жатқанын байқайсыз. Артынша әлгі таяқ жеген жігіт таксидің жүксалғышынан қару шығарып, қарсылас тарапқа оқ жаудырады. 

Мәскеу облысының ІІД мәліметіне сүйенсек, аталмыш оқиғадан ешкім ешқандай зардап шекпеген. 

"Сағат түнгі 02:30 шамасында Одинцово қаласы, Чистяков көшесіндегі 68-үйдің маңында белгісіз біреудің таксиден қару алып шығып, атыс ұйымдастырғаны туралы хабар келіп түсті. Оқ травматикалық тапаншадан атылған", - деп мәлімдеме жасады тәртіп сақшылары.

Аударған: Әділет Мәдениет

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір