• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:05:34
Алматы
+35°

27 Мамыр, 2019 NEWS

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары пышақ жарақатымен жедел-жәрдем шақырды

Шенеунік ешкімге ешқандай шағымы жоқ екенін және көкірек тұсының сол жақ бетінен алған жарақаты үшін ешкімге арыз жазбайтынын мәлімдеген.

Қарағанды қаласы Ленин көшесіне 26-мамыр күні жедел-жәрдем тобы кешкі сағат 06:00 шамасында келді. Көкірегінен пышақ жарақатын алған 35-жастағы азаматқа көмек қажет болған. Ол облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров болып шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Время газетінің сайтына сілтеме жасай отырып.

Дәрігерлер бұл жағдайды бірден полиция қызметкерлеріне хабарлаған. Оқиға орынына тергеу тобы келген кезде жарақат алған шенеунік ешкімге ешқандай шағымы жоқ екенін және көкірек тұсының сол жақ бетінен алған жарақаты үшін ешкімге арыз жазбайтынын мәлімдеген. Айдаров мырзаның айтуынша, тәтті бәлішті кесіп жатқан сәтте пышақ тайып кетіп оның денесін жаралаған. Қуанышына орай пышақ денеге кірмеген.

Облыс әкімінің баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, өзін-өзі зақымдаған әкімнің орынбасары өзін жақсы сезінеді және дүйсенбі күні, яғни ертеңгі күннен бастап жұмысын жалғастырады.

Жақында ғана Айдаровтың әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің досын егіз балалы болуымен құттықтаған жазбасы пайда болды. Бәлкім оқиға осы мерекені тойлау кезінде орын алған. Кейінірек тағы бір жазба жарыққа шықты.

« Достар, денсаулығыма байланысты хаттар мен қоңыраулар көп түсіп жатыр. Алаңдағандарыңыз үшін алғысым шексіз! Менде барлығы жақсы, әдеттегі болған үй жарақаты. Кешкісін байқаусызда жарақаттанып қалдым, түнде қан кете бастады, ал таңертең жедел-жәрдем шақыруға тура келді. Барлығыңызға денсаулық тілеймін»,- делінген жазбада.

Әкімдікте Алмас Айдарұлы индустрия, шағын және орта бизнесті дамыту және инвестиция мәселелерін қадағалайды.

Аударған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір