• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:55:58
Алматы
+35°

29 Мамыр, 2019 Саясат

Атақтар таласы: "Құрметті төраға" "Құрметті сенаторды" басып озды

Нұрсұлтан Назарбаевқа кеңестің "Құрметті төрағасы" атағы берілді

29 мамырда Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің жиынында Қазақстанның алғашқы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа кеңестің "Құрметті төрағасы" атағы берілді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың  Twitter парақшасына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан жиынға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей президенті Владимир Путин мен Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысып отыр.

Естеріңізде болса, күні кеше Сенат отырысында Сенат спикері Дариға Назарбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесін беруді ұсынған. 

Ұсынған: Мият Кәшібай

Оқи отырыңыздар: Экономикалық одақтың төрағасы атану Елбасымызға қандай пәрмен бермек

 

 

 

Мият Кәшібай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір