• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:31:01
Алматы
+35°

31 Мамыр, 2019 Аймақтар

Көгілдір отынға қол жеткізетін күн алыс емес

Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» болашаққа жасалған бағдар екені даусыз

 Елбасының  «Бес әлеуметтік бастамасы» болашаққа жасалған бағдар екені даусыз. Әсіресе,  «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» бағыты  тұрғындарды  газбен қамтамасыз етумен қатар, шағын жəне орта бизнестің жаңа өндірістерін ашуға өз ықпалын тигізуде.  

 «Елімізде газ өндіру Тәуелсіздік кезеңінде жылына 8-ден 52 миллиард текшеметрге дейін артты, әрі қарай да өсе түседі.  Қазір еліміздегі тұрғындардың 50 процентке жуығы газбен қамтамасыз етілген.  9 облысқа газ тартылған. Дегенмен, орталық және солтүстік өңірлер әлі де газсыз отыр. Бұл жобаны жүзеге асыру әрі қарай өзге өңірлерді де газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» - деп Ұлт көшбасшысы нақты ұстанымын айқындаған-ды.
        Газ саласын дамыту бағытында Жамбыл облысында 377 елді мекен бар. Оның ішінде қазіргі таңда газдандырылғаны 181, немесе 48 пайызы. 2019-2027 жылдары 196 елді мекенді газдандыру жоспарлануда, нәтижесінде 377 елді мекен газдандырылып, үлесі 100 пайызға жеткізілмек.

     2008 жылы облыс бойынша 48 елді мекен тауарлық газ тұтынған болса, 2019 жылдың 1 қаңтарында 181-ды құрады. Демек, соңғы 10 жыл ішінде 133 елді мекен газдандырылған.

     Газдандырылмаған 196 елді мекен мәселесін шешу мақсатында, 2019 жылдан бастап, үш жылда бөліп қаржыландыру үшін, Энергетика Министрлігіне елді мекендерге газ келтіретін 11 жоба дайындалып, бюджеттік өтінім берілген.

      Құрылыс жұмысын 2019 жылы бастау үшін облыстық бюджеттен Байзақ ауданына (21 е.м. халық саны – 17 241 адам), республикалық бюджеттен Шу ауданына (18 е.м. халық саны – 22 130 адам), Жамбыл ауданына (13 е.м. халық саны – 12 631), Жуалы ауданына (15 е.м. халық саны – 9 457 адам), Сарысу ауданына (14 е.м. – 39 539 адам), оның ішінде Жаңатас қаласына қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.  Бұл жұмыстарды 2021 жылға дейін аяқтау көзделуде.

     Реми мәлімет бойынша, 2019 жылы 9 елді мекен газдандырылмақ. Оның ішінде Сарысу ауданының 4 елді мекенінде газ тарататын құбыр құрылысы аяқталған (Әбілда, Тоғызкент, Майлыкөл, Досбол). Сонымен қатар облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға Талас ауданының 5 елді мекеніне ауыл ішінде газ тарататын құбыр құрылысын жүргізіп (Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал, Қайыр), газдандыру жүмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр (халық саны 6 035 адам).

   Яғни, әлиеаталықтардың көгілдір отынға қол жеткізіп, рахатын көретін күні алыс емес.

Жайдар Азамат

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір