12 Маусым, 2019 Саясат
12-маусым: Әлем күнтізбесінде бұл күн қаншалықты маңызды?
Әлем тарихындағы 12-маусымның маңызы.
Бүгін, 12-маусым - кезектен тыс президент сайлауында айқын басымдықпен жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау күні. Соған орай Qamshy.kz ақпарат агенттігі әлем күнтізбесіндегі осы датаға қатысты қызықты әрі маңызды ақпараттарды оқырман назарына ұсынбақ.
Әлемдегі бұл датаға қатысты маңызды күндер
1898 жыл, 12-маусым – Филиппин мемлекетінің тәуелсіздігін жариялаған күні.
1945 жыл, 12-маусым – Францияда соғыс кезінде енгізілген баспасөз цензурасынан бас тартты.
2014 жыл, 12-маусым – Бразилияның Сан-Паулу қаласы қаласында футболдан Әлем чемпионаты басталды.
Қазақстандағы 12-маусымға қатысты деректер
1924 жыл, 12-маусым - Орталық Азияның ұлттық-мемлекеттік делимитациясы бойынша КСРО Орталық атқарушы комитетінің шешімі қабылданды. Қазақ жерлері ҚАССР құрамына кірді.
1992 жыл, 12-маусым – Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
12-маусымда дүниеге келген атақтылар
1920 жылы осы датада "Жер сілкініс", "Ықшамаудан", "Жылан аулаушы", "Сабақ беремін" романдарының және "Өзіміз", "Жатақхана" секілді повестердің авторы Лазарь Карелин дүниеге келген.
1924 жылы 12-маусымда АҚШ-тың 41-президенті үлкен Джордж Буштың дүние есігін ашқан. Тоқаевты ұлықтау рәсімі осылайша АҚШ-тың ең ұзақ өмір сүрген президентінің (2018 жылы қайтыс болды) туған күнімен тұспа-тұс келіп тұр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір