13 Маусым, 2019 Саясат
Көлгіновтың орнына кім келді?
Президент әкімшілігінің жетекшісі Бақытжан Сағынтаев облыс активіне жаңа әкімді таныстырды.
Tengrinews
Батыс Қазақстан облысының әкімі болып Ғали Есқалиев тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
"Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген президент Жарлығында.
Президент әкімшілігінің төрағасы Бақытжан Сағынтаев облыс активіне жаңа әкімді таныстырды.
Естеріңізде болса, осыған дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды.
Ғали Есқалиев осы қызметке тағайындалғанға дейін БҚО әкімінің бірінші орынбасары болды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір