• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Қараша, 02:28:37
Алматы
+12°

15 Маусым, 2019 Оқиғалар

Маңғыстау облысында ат тепкен балаға ота жасалады

Бес жасар бала жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалып, бет сүйегі сынған

Маңғыстау облысында ат тепкеннен кейін ауыр жарақат алған бес жасар баланы отаға дайындап жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Lada.kz. сайтына сілтеме жасап.

Баланың ата-анасының айтуынша, оқиға жеке үйдің ауласында болған.

"Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, бала жақ-бет хируриясында операцияға дайындалуда", - деді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бала облыстық ауруханаға Мұнайлы ауданының Баянды ауылынан түскен. Тексерістен кейін дәрігерлер науқас жабық бас сүйек-ми жарақатын алғанын анықтады, сондай-ақ миы шайқалып, бет сүйегі жарықшақтанып сынған. Бұдан басқа, баланың мұрын қалқасы қисайып, жоғарғы және төменгі еріндері зақымданғаны белгілі болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір