• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:57:09
Алматы
+35°

Алматы қаласы мешіттерінің ұйымдастыруымен «Арысқа жылу» қайырымдылық акциясы еріктілерді шақырады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Құрметті қала тұрғындары!

Сіздерді, Арыс қаласында болған төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында Алматы қалалық мешіттерінде ұйымдастырылған «Арысқа жылу» атты қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырамыз!

Қабылданатын заттар:

- Азық-түлік (бұзылмайтын)

- Киім-кеше

- Көрпе-төсек

- Гигиеналық заттар

- Ақшалай және т.б.

Соның ішінде, қаржылай көмек көрсетем деушілерге қала мешіттерінде қойылған «Арысқа жылу» атты жәшіктер қызмет көрсетеді. Одан бөлек қаржыны ҚМДБ «Зекет» Корпоративтік қорының Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің есеп шотына аударуға болады.

Қайырымдылық керуені осы аптаның сенбі күні, яғни 29 маусым күні Алматы Орталық мешітінен жөнелтілетін болады.   

Дана халқымыз «тас түскен жеріне ауыр» дегендей, Алматы жұртшылығы Арыстағы ағайынға Алладан жеңілдік пен сабыр тілей отырып, көңіл білдіреміз. Алла Тағала ел-жұртымызды түрлі апаттардан сақтап, тыныштығынан айырмасын.    

ҚМДБ «Зекет» Корпоративтік қорының Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің есеп шоты:

БИН: 130441029965KZ 126010291000064130KZTКод-18, КНП-119БИК: HSBKKZKX

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір