• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:54:40
Алматы
+35°

26 Маусым, 2019 NEWS

Кәсіпкер Арыстағы үйлерді тегін жөндеуге дайын

Құрылысшылар қалаға кіру үшін әскерилерден рұқсатты күтіп отыр

BI Group құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев Арыстағы үйлерді тегін жөндеуге дайын деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Айдын Рахымбаев өзінің Facebook парақшасында жариялады. 

Рахымбаевтың айтуынша, қазіргі таңда, құрылысшылар қалаға кіру үшін әскерилерден рұқсатты күтіп отыр.  

“Біздің құрлысшылар Арыс тұрғындарына көмектесуде. Әскерилерді күтіп отырмыз. Қалаға кіруге рұқсат берсе, үйлердің жөндеу жұмыстарын бастайды. Біздің құрылысшы топтары Түркістан және Шымкенттен керек құрал-жабдықтармен шығуға дайын отыр. Біз 100 млн теңге қаражат бөлдік. Аз дегенде 100 үйді қалпына келдіреміз деген үміттеміз. Егерде тағы қаражат керек болса, әрине, көмек қолын созамыз. Жерлестерім! Барлығы жақсы болады. Жерлестер, мықты болыңдар, біз біргеміз”, - деді Рахымбаев. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір