• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 19:38:03
Алматы
+12°

26 Маусым, 2019

Арыс қаласының тұрғындары жарылыстан 3 адам қайтыс болды деген деректі жоққа шығарды (видео)

Тұрғындар бұған лайық емес еді. Тұрғындар кір-кір киіммен жүр, азық-түлік жетіспей жатыр.

Арыстағы тұрғындарға азық-түлік жетпей жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Азиза Өтегенова өзінің фейсбук парақшасында хабарлады. 

–Тұрғындар бұған лайық емес еді. Тұрғындар кір-кір киіммен жүр, азық-түлік жетіспей жатыр. Менің көзімше бір отбасына таңғы асқа 2 түйір нан ғана берді. Тамақ берілді, бірақ өте аз. Тез бітіп қалды. Барлығының қабағы қатыңқы, ашулы. Көп балалы отбасылардың саны көп. Үш күн бойы кір-кір көрпешелерде мешіттің жанында түнеп жүр. Тұрғындар өздеріне адамша жағдай жасалғанын қалайды. Тамақ та, киім-кешек те сұрап жатқан жоқ. Мен мұны көріп, шыдай алмадым, - деп жазды Азиза Өтегенова. 

Сонымен қатар, Азиза Өтегенова көп балалы 1 ай пәтер жалдап тұруға көмектесетінін айтты. 

Айта кетсек, "Арыстағы жарылыстың кесірінен 3 адам қайтыс болды" деген ресми дерек бар. Алайда Арыс қаласының тұрғындары мұнымен келіспейді. Тұрғындар жарылыстың кесірінен 3 емес, одан да көп адамның өліп жатқанын көрген. Бұл туралы қала тұрғындары Азаттық радиосының журналистеріне берген сұхбатында айтқан. 

–Адамдар жолда өліп жатты. Балаларым да көрді. Мұны бірақ ешбірі айтып жатқан жоқ. Біз іш киіммен, жалаң аяқ қаштық. Біз далада қалдық. Үйімізді көрдік. Үйіміз жарылды. Баспанасыз қалдық, - дейді жарылыстан зардап шеккен тұрғындар. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір