• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:06:05
Алматы
+35°

28 Маусым, 2019 Саясат

Әкімнің орынбасары: шеруге шыққандардың 90 пайызы тарқап кетті

Шеруге шыққандар тарқады. Ертең арыстықтар өз жұртына оралмақ.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин рұқсат етілмеген митингтен кейінгі қаладағы жағдай туралы пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

–Бүгін қалада Арыс қаласынан эвакуацияланған тұрғындар рұқсат етілмеген шеру бастап, шаһардағы жол-көлік қозғалысына, жергілікті тұрғындардың тыныштығына кедергі келтірді. Шеруге шыққандардың агрессивті әрекеттері алдағы уақытта толғынан талқыланатын болады, - деді Жумин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, қалада орын алған келеңсіз оқиға құқық қорғау органы қызметкерлерінің қатаң бақылауында.

–Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов шеруге шыққандардың талап-тілегін тыңдау үшін олармен екі рет кездесті. Біріншісі – Орталық мешітте, екіншісі – Орталық алаңда. Қазіргі уақытта шеруге шыққандардың 90 пайызы тарқады. Орталық алаңда ғана кішігірім топ қалып отыр, - деді қала әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, ол Арыс қаласының тұрғындарының ертеңнен бастап үйлеріне оралу мүмкіндігі туғанын, ешқандай қауіп-қатер жоқтығын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бүгін түс шамасында Шымкент қаласына эвакуацияланған арыстықтар жаңа үй мен жарылыстан кейінгі өтемақыны төлеуді талап етіп, рұқсат етілмеген шеруге шыққан болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір