• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:45:51
Алматы
+35°

28 Маусым, 2019 Оқиғалар

Арыс көшелерінде "жарылмаған снарядтар" жатыр

Журналиске қала көшелерінде жатқан оқ-дәрілерді көрсеткен тұрғындардың айтуынша, олардың арасында жарылмағандары да бар екен.

Арыс қаласының тұрғындары қала ішінде әлі де жарылмаған оқ-дәрілер мен снарядтар бар екенін айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Арыс тұрғындары Азаттық Радиосының тілшісі Асылхан Мамашұлына айтып берді. Мамашұлы Арыстағы үйлерді аралап, қала көшелерінде "жарылмаған снарядтар жатыр" деген тұрғындармен тілдесті. Журналиске қала көшелерінде жатқан оқ-дәрілерді көрсеткен тұрғындардың айтуынша, олардың арасында жарылмағандары да бар екен.

24 маусымда Арыс қаласында болған жарылыстан кейін эвакуацияланған қала тұрғындары 28 маусым күні азаңда Арысқа кіргізіле бастады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір