• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 15:32:53
Алматы
+12°

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласы бір ай ішінде қалпына келетінін айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"Апат айтып келмейді ғой. Өте қиын жағдай. Ғимараттардың 85 пайызы зақымдалған, әсіресе, терезелер, шатыры мен есіктері. Қорқынышты көрініс", - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сапарбаев премьер-министр мен министрлер әлеуметтік нысандарды – мектеп, балабақша, ауруханаларды аралап шыққанын атап өтті.

"Қала 17 секторға бөлінген, олармен Қазақстанның 17 өңірі жұмыс істеп жатыр. Қазірдің өзінде 100-ге тарта тұрғын үй қалпына келтірілді. Әбден қираған үйлердің тұрғындары мектепке орналастырылды, мен онда өзім болып қайттым. 800 адамға арналған орын бар, барлық жағдай жасалған", - деп сендірді ведомство басшысы.

Министрдің сөзіне сенсек, барлық ірі нысанды қалпына келтіру жұмысы "Самұрық-Қазына", ERG, "Қазақмыс", "Қазмырыш" ЖШС секілді ірі компанияларға жүктелген.

"Бірден су мен жарық берді, жол жақсы. Ешқандай радиация жоқ. Қазір қаланы қалпына келтіру процесі жүріп жатыр. Арыс бір ай ішінде қалпына келеді деп ойлаймыз", - деді Сапарбаев.

Министр арыстықтарға көмек қорына жиналған ақшаның әр тиыны орнымен жұмсалатынына сендірді. Сондай-ақ, ол Арыс тұрғындарының Шымкентте бас көтеруіне қатысты да тоқталды.

"Сіздер білесіздер, олар бір рет жиналды. Шымкент және Түркістан облысының әкімдерімен ол жерге бардық. Арыстықтардың талабы мынадай болды: "біз осында қалғымыз келеді, Шымкенттен пәтер немесе жер беріңіздер, тағысын тағы. Бәрін түсіндіріп, әңгімелескеннен кейін, олар тарады", - деді министр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір