04 Шілде, 2019 Ән-күй
Әнші Мейрамбек Бесбаев халықтың қазіргі жағдайына көңілі толмайтынын айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы әнші журналист Аман Тасығанның Youtube арнасындағы "TalkLike" бағдарламасына берген сұхбатында айтқан.
Бесбаевтың айтуынша, "халықтың жағдайы шамамен бес жылдай бұрын қазіргіден жақсырақ болған".
"Мені халықтың жағдайы қанағаттандырмайды. Оны мен гастролден-ақ байқадым. Бұрындары, салыстырмалы түрде айтқанда бес жыл бұрын халықтың жағдай жақсы болатын. Сол кездерде біз (ред. МузАрт тобы) гастролдік сапармен барған жерімізде үш-төрт концерт қоятынбыз. Бәріне халық көп жиналатын. Бірақ қазір олай емес. Халық концертке келгісі-ақ келеді, алайда ақшалары жоқ. Бұрындары мен "Құдай бұйыртпайтын нәрсені бұйыртпайды, бұйыратын нәрсе жердің астында жатса да бұйырады" деген түсінікпен жүретінмін. Кейінгі кездері халықтың жағдайын көріп, "саясатта жүргендер не істеп жүр осы" деп ойланып жүрмін. Халыққа қазір рухани да, материалдық көмекте қажет. Әсіресе, материалдық көмек қатты керек. Өйткені қалтасында ақшасы жоқ адамға біздің концертіміздің не керегі бар", - деді Мейрамбек Бесбаев.
Сұхбат барысында Бесбаев "қазіргі эстрада мағынасы жоқ арзан әндердің көбейіп бара жатқанына бірінші кезекте әншілер кінәлі" екенін айтты.
"Көрерменде емес, арзан әнді айтып жүрген әншінің өзі кінәлі. Халықтың талабы сондай деген бос сөз. Халық мағыналы, өміршең әндер айтсаң да тыңдайды", - деді әнші.
Бесбаевтың айтуынша, Қазақстанда жүріп емес, Қытайға барып күллі әлемге танылған Димаш Құдайбергенге "лайықты ән жазып беретін композиторлар жоқ елімізде".
Сонымен қатар Бесбаев сұхбат барысында "әншілерге арналған арнайы заң керек" екенін, өзінің бастамасымен "Хабар" арнасынан көрсетілген "Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасы туралы және т.б. қоғамда орын алып жатқан оқиғалар мен жаңалықтар туралы ой бөлісті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір