• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 19:30:03
Алматы
+12°

Әлеуметтік желіде Арыс тұрғыны Нағима Әбдіхалықованың 2 бірдей үйі жарылып кеткен. Оның айтуынша, әкімдіктегі қызметкерлер Арыс тұрғындарын алдап шақырып алыпты. Аталмыш видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. 

"Кім бар? Әкімшіліктен келген адамдарды көріп тұрғаным жоқ. Кеше  Арысқа түссеңдер болды деп айтты ғой. Осында қала берейін, бірдеңе табылар дедім. "Жоқ, Арысқа барыңдар. Сендерді бара салып мектепке орналастырамыз", - деді. Міне, екі айлық сәби мен сегіз немерем шырылдап тұр. Екі үйім жарылып кеткен. Үйім бүтін болса, сонда барып отырар едім, айналайын.  Бірақ сегіз немереммен бірге басқа біреудің үйінде тұру маған да оңай емес. Неге мені алдайды? Әйтпесе туысымның үйінде қалатын едім ғой. «Қанша ағайын болса да, сегіз немереммен сыймаймыз ғой, одан да барайын. Үкімет бір жерді пана етіп береді ғой» дедім. Жарты сағаттан асты түскеніме. Балаларды қайда апарамын шырылдатып? Дайын жер болмаса, неге апармайсыңдар адамды? Айтыңдаршы, сол жерге таксимен өзім-ақ барайын», - дейді тұрғын.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

"Түссеңдер болды деп еді": Арыста 8 немеренің әжесі жергілікті биліктің өзін алдағанын айтып шу шығарды Арыстағы жарылыс кезінде екі бірдей үйінің күл-талқаны шыққан 8 немеренің әжесі жергілікті билік өзін алдап соққанын айтып ашынды. Шымкенттен шыққан арнайы автобус арқылы Арысқа жеткен Нағима Әбдіхалықова далада қалдым деп жанайқайын жеткізді. 8 немеренің әжесі жергілікті билік баспана табылады деп алдап шақырып алды деп отыр. «Кім бар мұнда Арыстан? Ешкімді көріп тұрғаным жоқ әкімшіліктен... Кеше айтты ғой, Арысқа түссеңдер болды деп. «Қала берейін, бірдеңе табылар» дедім. Жоқ, барыңдар. Сендерді бара салып мектепке орналастырамыз деді. Міне, екі айлық бөпе, сегіз немерем шырылдап тұр. Екі үйім жарылып кеткен. Үйім бүтін болса, сонда барып отырар едім. Неге мені алдайды? Әйтпесе туысымның үйінде қалатын едім ғой. «Қанша ағайын болса да, сегіз немереммен сыймаймыз ғой, одан да барайын. Үкімет бір жерді пана етіп береді ғой» дедім. Жарты сағаттан асты түскеніме. Балаларды қайда апарамын шырылдатып? Дайын жер болмаса неге апармайсыңдар адамды? Айтыңдаршы, сол жерге таксимен өзім-ақ барайын», - деді тұрғын.

Публикация от ⠀⠀??ИНСТАГРАМ ЖҰЛДЫЗДАРЫ?? (@kaz_stars)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір