• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:16:15
Алматы
+35°

04 Шілде, 2019 Шығыс Қазақстан облысы

Қазаннан «Қарамола жарғысы» табылды

Татарстанның Қазан қаласынан Абай Құнанбайұлының Қарамола жарғысының түпнұсқа кітабы табылды

Татарстанның Қазан қаласынан Абай Құнанбайұлының Қарамола жарғысының түпнұсқа кітабы табылды. Аса құнды жəдігерді елге «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің қызметкерлері алып келді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Естеріңізге сала кетейік, бұл кітап 1886 жылы Қазандағы Императорлық университеттің баспаханасынан басылып шыққан. Онда 1885 жылы Абайдың төбе би болған Қарамола сьезінде қабылдаған жарғысы қадым жазуымен жазылған. «Қарамола жарғысы» негізінен ХІХ ғасырдағы адам құқықтарының сақталуы мен бостандығын қамтыған. Сол кездегі қазақ арасында кеңінен таралған аталмыш еңбекті Абайдың өзі құрастырып шыққан. 

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің баспасөз қызметі ұсынған деректерге сүйенсек, кітаптың қазіргі графикаға аударылған нұсқасы бұрыннан бар болғанмен түпнұсқасы немесе көшірмесі қолға түспеген. Енді міне сол олқылықтың орны толып отыр. Қазаннан табылған құнды мұра осы уақытқа дейінгі аудармаларды түпнұсқамен салыстыруға жəне жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір