• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 18:26:43
Алматы
+35°

10 Шілде, 2019 NEWS

Әлібек Әлденей "Nur Otan" партиясының хатшысы болып тағайындалды

Әлібек Әлденей "Nur Otan" партиясының хатшысы қызметіне тағайындалды

Әлібек Әлденей "Nur Otan" партиясының хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Бауыржан Байбек өз Twitter парақшасында хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

"Елбасы «кері байланысты» күшейтіп, қоғамның сұраныстарына сәйкес дер кезінде әрекет етуді тапсырды. Бұл істе халықпен тиімді байланыс орнатудың жаңа жолы қажет. Осыған байланысты партия Лидерінің келісімімен Әлібек Әлденей «Nur Otan»-ның хатшысы болып тағайындалды.",- делінген жазбада.

Әлібек Әлденей — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Әр жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Халықаралық бағдарламалар орталығында, "Самұрық-Қазына" қоры және т.б жерлерде жұмыс істеген.  2015 жылдан бастап  "Алматы" арнасын басқарды. Осы уақыт аралығында компания айналымы үш есеге өскен. Телеарна бірінші рет жақсы қаржылай көрсеткішке қол жеткізген. TNS Gallup Media Asia-ның мәліметіне сәйкес, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Алматы телеарнасының жалпы қамту аумағы қала бойынша 1.5 миллион, ал ел ішінде 5,5 миллионға жеткен. Үш жылда арнаның үлесі 375 пайызға өсті. «Алматы» еліміздің ең беделді он арнасының қатарына енді.

2019 жылдың 16-сәуір күні Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір