• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:27:47
Алматы
+35°

10 Шілде, 2019 NEWS

"Біз оппозиция емеспіз": Нұрсұлтан Назарбаев кеңсесінің алдына наразы топ жиналды (видео)

Олар сот үкіміне наразы екенін айтып, ведомствоаралық комиссия құрылып, істердің қайта қаралуын сұрайды. 

Нұрсұлтан Назарбаев кеңсесінің алдында наразы топ жиналды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Олар сот үкіміне наразы екенін айтып, ведомствоаралық комиссия құрылып, істердің қайта қаралуын сұрайды. 

Аталмыш наразы топ кеше Тоқаевпен кездескісі келіп, әкімшіліктің алдына жиналған еді. Алайда ешқандай нәтиже болмағандықтан бүгін Назарбаев кеңсесінің алдына жиналамыз деп уағдаласқан. 

Азаттық радиосына сұхбат берген Әділхан Шынтасов өзінің оппазиция өкілі еместігін айтты. 

"Біз ешқандай саяси ұйым я қозғалыс, оппозиция емеспіз. Біз сот жүйесінен әділдік таппай, шарасыздан келіп тұрған қарапайым азаматтармыз" деді жиналғандардың бірі Әділхан Шынтасов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір