• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:32:09
Алматы
+35°

12 Шілде, 2019 NEWS

Бауыржан Байбек: Айтыскерлер неге билікті сынайды?

Оның пікірінше, қазір айтыстың деңгейі төмен. Ұпай жинауға тырысатындар көп. 

Айтыскерлер неге билікті сынайды? Себебі олармен дұрыс жұмыс жүргізілмеген. Өңірлерді аралап жүрген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек осылай деді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Оның пікірінше, қазір айтыстың деңгейі төмен. Ұпай жинауға тырысатындар көп. 

Бұрын өзі басқарған «Нұр Отанға» қайтып келген Бауыржан Байбек жұмысқа білек сыбана кірісті. Алдымен партияның хатшысы Тамара Дүйсенованы ауыстырды. Баспасөз қызметінде де кадрлық өзгеріс болды. 14 облыс пен 3 мегаполистің арасынан бірінші Батыс Қазақстан облысына барды. Өңірдегі партияның жұмысы нашарлап кеткен. Халықты толғандырған мәселе көп. Нұротандықтар оның бәріне немқұрайлы қарайды екен. 

"Фракцияның жұмысы көңілден шықпайды. Өзекті мәселелерді қарастырмайды. Қарапайым сұрақтардан бастау керек. Мәслихаттағы депутаттардың басым көбі Нұр Отан партиясының мүшелері. Олар бюджетті, бағдарламалардың орындалуын қадағалап отыруы қажет. Әкімдер дұрыс жұмыс істемесе оны да бір жағына шығаруға болады", -деді  "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек. 

Жергілікті атқарушы биліктің жұмысын қадағалауды күшейтеміз дейді. Сондай-ақ, «Нұр Отан» ұлттық өнер, айтысты да қолға алмақ. Себебі, руханият саласы да уыстан шығып, ақындар бет-бетімен кеткен. 

"Ең бірінші қолға алған ісіңіздің бірі ұлттық өнер, оның ішінде айтысты қолдау болды. Бірақ сырт күштер осыныөзіне қолданып кетіп жатқанында көріп жүрміз. Алдағы айтыс туралы жоспарыңызды білгім келеді" - деп сұрақ қойды Мұхтар Ниязов. 

"Кезінде айтыскерлер үлкен сахнадан Нұр Отан туралы айтып, халыққа оны жақын көрсеткен болатын. Соңғы сайлауда өздеріңіз білесіздер, кейбір айтыскерлер билікке қарсы шықты. Неге, олармен нақты жұмыс жүргізілмеген. Қазіргі кезде кейбір айтыскерлердің деңгейі төмен. Жалпы әңгімені айтады, халыққа ұнау үшін. Ұпай жинау үшін", - деді Бауыржан Байбек. 

Бауыржан Байбектің сөзінше, енді «Нұр Отан» бұрынғыдай мүлгіп отырмайды. Әлеуметтік желіде белсенділікті арттырып, ел-жұрттың кез-келген мәселесіне реакция танытып, уақыт талабымен бірге өзгереміз дейді. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Буыржан Байбек

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір