• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:19:47
Алматы
+35°

27 Маусым, 2015 NEWS

2014 жылы Қазақстандағы ең ірі тендерлер кімдерге бұйырды?

Forbes Kazakhstan басылымы 2014 жылғы мемлекеттік тапсырыстар бойынша рейтинг жасаған болатын. «Қамшы» порталы аталмыш сараптаманы қазақ тіліне аударып,...

Forbes Kazakhstan басылымы 2014 жылғы мемлекеттік тапсырыстар бойынша рейтинг жасаған болатын. «Қамшы» порталы аталмыш сараптаманы қазақ тіліне аударып, назарларыңызға ұсынады.

2014 жылы Қазақстандағы  сатып алулар, мемлекеттік және жеке секторлар  үшін -  4,9 трлн. теңге немесе 26,2 млрд. АҚШ долларын құраған. Оның 5,1 млрд. доллары мемлекеттік тапсырыстардың үлесіне тиесілі болған. Жалпы еліміздегі  тендердің  22,5 пайызы (1 млн. доллар) заңды деп танылған. Осылайша, журнал  былтырғы жылдың қос маусымында жарияланған, жалпы сомасы – 187 млн. теңгені құрайтын 3464 тендерге сараптама жасаған. Нәтижесінде жарияланған конкурстардың 47,1 %-ы игерілмеген болып шыққан. Олардың 30,1%-ы нәтижесіз, ал 4,4 %-ында  тендерден бас тартылған. Қалған 1,3 %-ында себептер анықталмаған.Өз кезегінде бұл цифрлар жалпы лотқа ықпал  ететіні сөзсіз. Егер, стиуацияларға жан-жақты баға бере отырып, сараптама жүргізсе, лоттардың: 29,1%- игерілмеген, 16,1% - игерілген, 22,2% қорытындысы жарияланбаған, 31,4% - қайтарлыған, 1,1% - өзге себептерге жіктелген.

2014 жылғы өткізілген мемсатып алулардағы шартты жинақ көрсеткіші

Сұраныс дәйеккөзі Конкурстар 1 қайнар көзден Биржа тауарлары Аукцион Заң нормалары сақталмаған
47,37 % 28,22% 14,51 % 5,48 % 1,19 % 3,23 %

ҚР Қаржы министірлігі таратқан ақпараттарға сүйенсек, былтырғы жылы Қазақстанда жалпы сомасы 961 млрд. теңгені құрайтын 1,5 млрд. тендер жарияланған және 81,2 мың мердігер қамтылған. Дегенмен, сатып алулардың 908 мыңында заңнамалық нормалар сақталмаған.

Сараптама нәтижесі көрсеткендей Қазақстандағы мемлекеттік тендерлерді бөлуде заң нормалары жиі бұзылып отырған. Бұл нені білдіреді? Түсінікті, шығынды оңтайландыруға бағытталған курс қандайда бір себептермен тендерді өткізуге ықпал еткен. Кейбір жағдайларда тендер беруден ашық бас тартқан. Дегенмен, былтырғы жылғы  мемлекеттік тендер конкурстарының  16,8%- өткізілмеген, 41,8% қаржы бір ғана адамның қалтасына түсіп отырған.

Сараптама жасаушылар әуелде,  былтырғы жылы Қазақстанда жарияланған  149 743 тендердің 3464-ін талдаған. Бұл тендерлердің жалпы сомасы 187 млн. теңгені құраған.  Тендерлер базасын «ҚазБизнес-Консалтинг» ЖШС ұсынған ( zakupki.kz сайты).  Кейіннен, өткізілген, өткізілмеген және кері қайтарылған келісімшарттар компанияларға таратылған. Ал кейіннен, компания артында тұрған, негізгі ойыншылар анықталған. Көбісінде, негізгі ойыншылар ЖШС және АҚ акционерлері болып шыққан. Осылайша Қазақстандағы ең ірі тендерлерге ие болған ТОП 20 адам белгілі болған.

  1. Абаталеби Мохаммад Мохаммад Хади.

Сомасы: 47,3 млрд. теңге.

Тапсырыс беруші: «ҚазАвтоЖол Ұлттық компаниясы» АҚ

Жеткізуші: АОЗТ  өкілдері

Негізін салушы: «Dena Rahsaz Construction Company PJS»

Тіркелген жері: Иран Ислам Республикасы

«Dena Rahsaz Construction Company PJS» - былтырғы жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша  3 бірдей тендерді ұтып алған. Олардың ішінде ең ірісі – 21,2 млрд. теңгені құраған. Бұл қаржы Павлодар облысындағы жолдарды жөндеуге бағытталған болатын.

  1. Рахимбаев Айдын Жұмаділұлы.

Сомасы: 46,5 млрд. теңге.

Тапсырыс беруші: «ҚазАвтоЖол Ұлттық компаниясы» АҚ

Жеткізуші: «ҚазЖолҚұрылыс» ЖШС

Рахимбаев компаниясы былтырғы жылы жалпы сомасы 46,5 млрд. теңгені құрайтын 5 бірдей тендерді иемденген. Ал «ҚазЖолҚұрылыс» ЖШС былтыр жолдарды қайта жөндеу жұмыстарына бөлінген екі бірдей тендерге қол жеткізген. Оның біріншісі, Астана-Ерейментау-Шідерті магистралінің(58-88 км) жөндеу жұмыстарына бөлінген 15,2 млрд. теңге. Екіншісі, Астана-Ерейментау-Шідерті магистралінің (88-115 км) жөндеу жұмыстарына тиесілі 15,6 млрд. теңге.

«Kazpaco» ЖШС 12,6 млрд. теңгенің тендерін алған.

«Құрылыс-1»ЖШС Өскемендегі химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев интелектуалды мектебінің құрылыс жұмыстарын өз мойнына жүктеген. «Құрылыс-1»ЖШС, «Kazpaco» ЖШС, «ҚазЖолҚұрылыс» ЖШС - BI Group холдингінің құрамына кіреді. Ал Айдын Рахимбаев оның төрағасы. Айтпақшы, Айды Рахимбаев Форбс жүргізген рейтинг бойынша «Ең бай қазақстандық бизнесмендер» тізімінде 20-орынға ие болған.

  1. Белович Павел.

Сомасы: 31 млрд. теңге

Тапсырыс беруші: «Алматы қалалық құрылыс басқармасы»

Жеткізуші: «Базис» құрылыс компаниясы

Негізін қалаушы: Белович Павел «БАЗИС Девелопмент» ЖШС

Компания былтырғы жылы Алматы қаласындағы жалпы сомасы 31 млрд. теңгені құрайтын ең ірі тендерді ұтып алған. Бұл Алатау ауданындағы мұз айдынын салуға бөлінген қаражат болатын. «Қазақстандағы ең бай бизнесмендер» тізімінде 24- сатыда.

  1. Цхай Яков Андреевич

Сомасы: 25,9 млрд. теңге.

Тапсырыс беруші: «Эмбамұнайгаз» АҚ

Жеткізуші: «ҚазМұнайГаз - бұрғылау» ЖШС

Негізін салушы: Цхай Яков Андреевич, Саттыбаев Ескендір Хамитұлы («KazPetroDrilling» АҚ)

«ҚазМұнайГаз - бұрғылау» ЖШС былтырғы жылы 7 бірдей тендерді ұтып алған. Оның 6-уының тапсырыс берушісі - «Эмбамұнайгаз» АҚ. Бұл «ҚазМұнайГаз» серіктестерінің бірі.

Негізгі бенефициарлар – Цхай мен Саттыбаевтың акция үлесі – 15 пайыздан тұрады.

  1. Қабиболлин Мұтар Зияшұлы

Сомасы: 24,9 млрд. теңге.

Тапсырыс беруші: «ҚазАвтоЖол Ұлттық компаниясы» АҚ

Негізін қалаушы: Қабиболлин Мұрат Зияшұлы («АБК-Автожол» ЖШС)

Ең ірі тендер: Астана-Ерейментау-Шідерті (115-165 км) дәлізі мен Орталық-Шығыс (Астана-Павлодар-Қалбатау-Өскемен) тас жолдары жөндеу жұмыстары.

  1. Тастайбекова Роза Хайрушқызы

Сомасы. 21,9 млрд. теңге.

Тапсырыс беруші: «ҚазАвтоЖол Ұлттық компаниясы» АҚ

Жеткізуші: «Ақ-Жол» ЖШС

Тастайбекова Роза 2014 жылы «ҚазАвтоЖол Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 3 бірдей тендерін ұтып алған. Бөлінген жұмыс – Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы маңындағы автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстары.

  1. Сәтбаев Нұрғазы

Сомасы: 18,5 млрд. теңге.

Тапсырыс беруші: «ҚазАвтоЖол Ұлттық компаниясы» АҚ

Орындаушы: «Uniserv» ЖШС

Компания былтырғы жылы 2 тендер ұтып алған. Астана-Ерейментау-Шідерті авто жолының жөндеу жұмыстары.

  1. Стаценко Константин Сергеевич

Сомасы: 18,2 млрд. теңге.

Тапсырыс беруші: «ҚазАвтоЖол Ұлттық компаниясы» АҚ

Орындаушы: «Концерн «Найза-Қурылыс» ЖШС

2014 жылы компания 1 ғана тендер ұтып алған. «ҚазАвтоЖол Ұлттық компаниясы» АҚ-ның  Алматы-Қапшағай (45-77 км) трассасының реконструкция жұмыстарына жариялаған тендері «Концерн «Найза-Қурылыс» ЖШС-нің еншісіне бұйырған.

  1. Сәрсенов Марат Жакиев

Сомасы: 18 млрд. теңге.

Тапсырыс беруші: «Екібастұз ГРЕС-1» ЖШС

Орындаушы: «Исткомтранс» ЖШС

Компания былтыр «Екібастұз ГРЕС-1» ЖШС-нің 2 тендерін ұтып алған.

Марат Сәрсенов Қазақстандағы ең бай бизнесмендер тізімінде 41- сатыға жайғасқан екен. 2014 жылдың қорытындысы бойынша, оның компаниясының жалпы кірісі – 2,7 млрд. теңгені құраған.

  1. Мұсаев Ербол Мұхамеджанұлы

Сомасы: 15,7 млрд. теңге.

Тапсырыс беруші: «ҚазТрансГазАймақ» АҚ

Орындаушы: «СпецЗнакМонтаж» ЖШС

Былтырғы жылы аталмыш компания «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның 4 –бірдей тендерін ұтып алған.

  1. Азизов Тиепжан Зәкірұлы

Сомасы. 15,6 млрд. теңге.

Тапсырыс беруші: «Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы» АҚ

Орындаушы: «Қазақстан жүк компаниясы» 2 бірдей тендерді иемденген.

  1. Бердішаев Алмас Төреханұлы

Сомасы. 14,4 млрд. теңге.

Тапсырыс беруші: ҚР Қорғаныс министрлігі, №20015 әскери бөлімі

Орындаушы: «Комстроймонтаж» ЖШС

Негізін қалаушы: Алмас Төреханұлы

Компания былтырғы жылы 9 бірдей тендерді жеңіп алған.

  1. Какимжанов Ильхалид Зейнуллаулы, Процентов Виталий Николаевич

Сомасы: 13,9 млрд. теңге.

Тапсырыс беруші: «ҚазАвтоЖол Ұлттық компаниясы» АҚ

Орындаушы: «Фирма Автодорсервис» ЖШС

Фирма 2014 жылы 1 ғана мемлекетік сатып алуға қатысқан.

  1. Блохин Владимир Иванович

Сомасы: 9,4 млрд. теңге.

Тапсырыс беруші. «Қазақстан Вагонқұрылыс компаниясы» ЖШС

Орындаушы: «СнабПромСервис» ЖШС

Компания былтырғы жылы мемлекеттік сатып алуларға жиі қатысып отырған. Нәтижесінде, 3 бірдей тендерді жеңіп алған. Солардың ішінде ең ірісі – 3,6 млрд. теңгені құраған.

  1. Тлеулиев Мұратбек Дербисалиевич

Сомасы: 9,38 млрд. теңге.

Тапсырыс беруші: «ҚазАвтоЖол Ұлттық компаниясы» АҚ

Орындаушы:  «Жолқұрылыс» ЖШС

Компания былтырғы жылы бір ғана мемлекеттік сатып алуларға қатысқан. Ол РФ шекарасы аймағы(екатеринбург) мен Алматы магистралінің жөндеу жұмыстары.

  1. Сералиев Ердихан Айдарұлы

Сомасы: 8,6 млрд. теңге.

Тапсырыс беруші: «Қазтелерадио» АҚ

Орындаушы: «ArcoDyne» ЖШС

  1. Абишев Нұралы Алмаханұлы

Слмасы: 8,4 млрд. теңге.

Тапсырыс беруші: ОҚО Құрылыс басқармасы

Орындаушы: «Комби-строй-1» ЖШС, былтырғы жылы 3 бірдей тендерге қол жеткізген.

  1. Павлов Александр Маркович

Сомасы. 7,37 млрд. теңге.

Тапсырыс беруші: «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС

Орындаушы: «CONCORD OIL»

«CONCORD OIL» 2014 жылы 4 бірдей тендерді жеңіп алған.

  1. Жансақалов Абдімәжіт Алмағамбетұлы

Сомасы: 7,1 млрд. теңге.

Тапсырыс беруші: Қызылорда облысы құрылыс басқармасы

Орындаушы: «Дәнекер»  құрылыс компаниясы 2014 жылы 2 тендерге қол жеткізген.

  1. Мұратов Ерлан Мұратұлы

Сомасы: 6,3 млрд. теңге.

Тапсырыс беруші: «Астана ұқаласы автокөлік жәнге пассажирлік траспорт басқармасы»

Орындаушы: «Электро-Вид-А» ЖШС былтырғы жылы 5 бірдей тендерге қол жеткізген.

 

Дайындаған:  Нұргелді Әбдіғаниұлы

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір