• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:40:41
Алматы
+35°

18 Шілде, 2019 NEWS

Жас жұбайларды тікұшақпен тасыған ұшқыш жұмыстан қуылды

Елдімекен аумағына қонған әуе кемесінің капитаны А. В. Матвиенко ұшу процесінен шеттетілді, сондай-ақ "Falcon Avia" ЖШС ұшуды ұйымдастыру мәселелерін тексеру үшін инспекциялық комиссия жіберілді.

Азаматтық авиация комитеті мейрамхана алдына жас жұбайларды тікұшақпен алып келген ұшқышты жұмыстан босатты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бірқатар қазақстандық БАҚ-та видео жарияланды, онда "Falcon Avia" ЖШС-ға тиесілі тікұшақты қондыру сәті көрсетілген. Осылайша, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м. а. бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу ережесінің 423-тармағының ережелері сақталмаған", - делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында. 

Елдімекен аумағына қонған әуе кемесінің капитаны А. В. Матвиенко ұшудан шеттетілді, сондай-ақ "Falcon Avia" ЖШС ұшуды ұйымдастыру мәселелерін тексеру үшін инспекциялық комиссия жіберілді.

Осыған дейін, өз тойларына ерекше келудің әдісін ойлап тапқан қазақстандық жас жұбайлар интернет қолданушыларын таңғалдырған еді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір