26 Шілде, 2019 NEWS
Тоқаев: Парасатты басшы ретінде есімде сақтайтын боламын
Қасым-Жомарт Тоқаев Тунис президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тунис Президенті Беджи Каид Ас-Себсидің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады Qamshy.kz ақпарат агенттігі деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Тунис Президенті Беджи Каид Ас-Себсидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
"Президент Ас-Себси өз өмірін Тунис халқының игілігіне, әрбір отандасының мүддесін қорғауға арнады. Қазақстан халқы Беджи Ас-Себсиді парасатты басшы, беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға орасан зор еңбек сіңірген тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады", – делінген жеделхатта.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір