• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:36:27
Алматы
+35°

28 Шілде, 2019 Саясат

Тоқаевтың демалысы қалай өтті (видео)

ҚР президенті 22 шілдеден бастап қысқамерзімді демалысқа шыққан болатын.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  қысқамерзімді демалысы кезінде қандай жұмыстар атқарылғаны туралы видео жарияланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР президенті 22 шілдеден бастап қысқамерзімді демалысқа шыққан болатын. Сол күні Ақордада мемлекет басшысы жанынан Орталық коммуникациялар қызметі құрылғаны туралы жарлыққа қол қойылды.

ҚР президенті әкімшілігінің құрылымын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. 

МАГАТЭ бас директоры Юкия Аманоның қазасына орай көңіл айту жеделхатын жолдаған.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті телефон арқылы туған күнімен құттықтаған. 

Жиырма төртінші шілдеде Тоқаев браконьерлердің қолыннан қаза тапқан қорықшы Қаныш Нұртазиновты І дәрежелі "Айбын" орденімен, зардап шеккен инспектор Самат Оспановты ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады.

Сонымен қатар Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады.

аптада президент Тунис мемлекет басшысының қазасына орай көңіл айтып, Ұлыбританияның премьер-министрі болып сайланған Борис Джонсонға құттықтау жеделхатын жолдады, сондай-ақ елорда әкімі Алтай Көлгінов пен Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір