• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:53:48
Алматы
+35°

30 Шілде, 2019 Әлеумет

2 млн адам пәтерлі болады

2019 жылы шамамен 13 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Аталған көрсеткіш өткен жылғыдан 500 мың шаршы метрге артық, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Үкіметтің кезекті отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр айтты.

"Осы жылы 6 ай ішінде тұрғын үй құрылысына 605,7 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл 2018 жылғы деңгейден 15,5 пайызға жоғары. 1 теңге мемлекеттік қаражатқа 7,4 теңге жеке инвестиция тартылды. Биылдың соңына дейін 118 мың баспана (13 млн шаршы метр) салуды жоспарладық. Жартыжылдық қорытынды бойынша 48 925 баспана (5,7 млн шаршы метр) пайдалануға берілді" деді министр.

Жақын арада Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жастарға баспана бөлу тәртібі белгіленеді. Алдағы үш жылда Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында 1050 пәтер және Шымкентте 900 пәтер үлестірілмек.

Жыл аяғына дейін «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа редакциясын бекіту жоспарлануда. Оның аясында 2025 жылға дейін 650 мыңға жуық отбасы немесе 2 млн-нан астам адам жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір