• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:24:49
Алматы
+35°

11 Тамыз, 2019 NEWS

Алматыда ер адамды көлік қағып кетті

Дөңгелек астына түскен ер адам оқиға орынында қаза тапты.

Алматыдағы көшелердің бірінде көлік қаққан ер адам оқиға орынында көз жұмды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы 11-тамыз күні түнде орын алған.

Апат куәгерлерінің айтуынша, үш ер адам Рысқұлов даңғылын рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған. Екі адам көліктер арасынан сытылып өткен. Ал үшіншісі үлгермепті. Қара түсті киінген ер адамды Mitsubishi ASX көлігінің жүргізушісі байқамай қалған-мыс.

Көлік соққысы ер адамды бірнеше метр жерге ұшырып жіберген. Ақ халаттылар оқиға орынына жеткенше елу жастағы азамат көз жұмған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері апатқа қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір