• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:23:11
Алматы
+35°

14 Тамыз, 2019 NEWS

Аптап ыстық 23 адамның өмірін жалмады

Температураның жоғарылауына байланысты бірнеше адам медициналық көмекке жүгінген.

 

Жапония көлемінде аптап ыстықтан 23 адам қаза тауып, 12,7 мыңнан астам кісі медициналық көмекке мұқтаж болған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жоғарыда көрсетілген статистика 5-11 тамыз аралығындағы көрсеткіш. Медициналық көмек алған адамдардың жалпы саны – 12 751 адам. Ел астанасынан 1,46 мың адам, Саитама қаласынан 977, Осака қаласынан 897 адам ауруханаға жеткізіліпті.

Мыңдаған адамның аурухана төсегіне таңылуына басты себеп – елдегі температураның 39 градусқа дейін көтерілуі.

Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, Жапониядағы аптап ыстық әлі екі аптаға созылмақ. Адамдар күндіз көшеге шықпауға және көп су ішуге тырысып бағуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір