• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:12:13
Алматы
+35°

Қазіргі кезде жүйелі түрде жүзеге асып жатқан бар мәселені айта кетпеске болмайды. Бұрын айта кету керек, мемлекеттік аппаратта болсын, жекелеген мекемелерде болсын, барлығына бірдей тұрақты айлық төленіп келді. Қазір заман басқа. Қалай еңбек етсең, соның нәтижесін көруің керек. Бұл – нарық талабы. Бүкіл әлем елдерінде де солай. Мұндай жүйе қазір біздің мемлекеттік қызмет аппаратында да қолданыла бастады. Мұның пайдасы өте зор. Мұның жүзеге асуына бірден бір себеп болып отырған Елбасы Назарбаевтың "100 нақты қадам" Ұлт жоспары.

Ұлт жоспарының 5-қадамында "Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру" қажеттігі атап көрсетілген. Бұл өте тиімді. Неге?

  1. Ең алдымен мемлекеттік аппараттың сапасы артады.
  2. Мемлекеттік аппаратта қызмет істейтін қызметкерлердің жұмыс уақыты кейде 10-12 сағатқа созылып кететіні бар.
  3. Мұндай жағдайда, яғни 5-бапқа сәйкес, олар еңбегінің нәтижесін көреді.
  4. Олар жыл аяғына қарай жұмыс нәтижесіне байланысты көтерме бонус алады.
  5. "100 нақты қадамға" сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің жеке жұмысының нәтижесі жылдық жеке жоспары мен жобаларының орындалуына қатысты бағаланады.
  6. Сонымен қатар, тұрақты айлық деңгейі бар. Егер сен нәтижелі жұмыс істемесең, осы тұрақты айлықпен күн көресің. Осы орайда өзің таразылып, шамалап салыстырып көр. Тұрақты бірқалыпты айлықпен өмір сүрген жақсы ма, жоқ әлде, сапалы нәтижелі жұмыс істеп, жоғары жалақы алған дұрыс па? Әрине соңғысы тұрмысқа оң әсер етеді.
  7. Ұлт жоспарына сәйкес, енді тоқсан сайын, мереке сайын берілетін мерекелік сыйақылар алынып тасталынатын болады.
  8. Сондықтан алдағы уақытта мемлекеттік қызметкердің арнайы білімінің болуы, тәжірибелілігі, оның жұмыс істеу сапасы, жүктемесінің шектен тыс көбеюі, мұның барлығы да соңында таразыланып, есепке алынады.
  9. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметке деген жауапкершілікті арттырады.

Жалпы еңбегінің нәтижесіне қарай төленетін еңбекақы жүйесі дамыған елдерде осы уақытқа дейін қолданылып келді. Біздің нарықта жұмыс істеп жатқан коммпанияларда да бұл жүйе дамыған. Енді бұл біздің мемлекеттік қызмет апаратында да жүзеге  асады. Сондықтан мемлекеттік қызметке деген қызығушылық пен жауапкершілік артатын болады. Ал мұның тиімділігі өте зор.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір