• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 01:56:29
Алматы
+35°

 

Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қабылданған 2 жыл ішінде жалпы сомасы 2 миллиард теңге болатын 129 жоба мен 13 іс-шара ұйымдастырылды. Ал жыл басынан бері «Туған жер» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасымен сомасы 828 миллион теңгені құрайтын 59 жоба жүзеге асырылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған еді. Білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізу, экологияны жақсарту мен елді мекендерді абаттандыру, сондай-ақ ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді және туған жерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдеріне жол ашу сынды маңызды міндеттерді көздеген бағдарлама мақсатын жамбылдықтар да жақсы түсінді.

Аталмыш мақала жарық көргеннен бергі аралықта облыс аумағында одан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында бірқатар жұмыстар қолға алынды. Мәселен «Туған жер» бағдарламасы аясында 2 миллиард теңге көлемінде 129 жоба, 13 іс-шара ұйымдастырылды. Демеушілердің қамқорлығымен 4 тұрғын үй, 8 пәтер, 11 спорт нысаны, 2 аллея, 1 музей, 1 медициналық пункт халық игілігіне берілді. Сол секілді инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік көмек сынды жобалар да жүзеге асырылды. Жыл басынан бері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы арқылы өңірде жалпы сомасы 828 миллион теңге болатын 59 жоба іске асты.Мұнда қолы ашық, атымтай жомарттар есебінен 24 тұрғын үй, 2 саябақ, 3 балабақша, 4 спорттық нысан, 2 мешіт пайдалануға берілді. Бірқатар аудандарында аз қамтылған және көпбалалы отбасылар көптен күткен баспана бақытын сезінуге мүмкіндік алды. Ал Талас ауданында ұзақ жылдар бойы жергілікті тұрғындардың бас ауруына айналған көшелерді абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Жыл соңына дейін облыс аумағында жалпы сомасы 1,4 миллиард теңге болатын 29 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Шындығында бұл жұмыстарды жинақылықпен және жүйелілікпен іске асыруда жамбылдықтар Елбасы көздеген талаптың үдесінен шыға алатындығына күмән жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір