• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:59:26
Алматы
+12°

24 Тамыз, 2019 Саясат

Назарбаев: Наразы халыққа бара алмайтын, қорқатын басшы несіне қажет? (видео)

Бұл оқиға туралы Назарбаев 21 тамызда Нұр-Сұлтанда өткен биліктегі "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында да айтқан. 

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қарағанды алаңына жиналған шахтерлер алдында сөйлеген видеосы Instagram желісінде жарияланды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Архивтен алынған бұл видеода Назарбаев алаңға шыққан Қарағанды шахтерларын бітімге шақырған. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

На прошедшем недавно заседании Политического совета партии Nur Otan Елбасы рассказал, как однажды пошел в толпу шахтеров, которые собрались на площади Караганды: «Когда я приехал, первый секретарь ЦК компартии Казахстана к шахтерам в Караганду - полная центральная площадь. В касках из-под земли вышли, черные от графита сидели. Мне предлагали – не ходи, а то разорвут. Я говорю – пусть разорвут. Зачем такой руководитель им, который не может напрямую прийти и боится? Чего бояться? Мы все знаем – идти прямо в народ и разговаривать с ними, объяснять, они же наши люди, они хотят на что-то ответы услышать».

Публикация от Елбасының Баспасөз қызметі?? (@elbasy_nazarbaev)

Бұл оқиға туралы Назарбаев 21 тамызда Нұр-Сұлтанда өткен биліктегі "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында да айтқан. 

"Мен Қазақстан компартиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болып тұрғанда, Қарағандыға келгенде орталық алаң толы болды. Графиттен қап-қара болған каска киген шахтерлер жер астынан шықты. Маған барма, талайды деді. Талай берсін деймін. Оларға тіке бара алмайтын, қорқатын басшы несіне қажет? Неден қорқамын? Бәріміз білеміз - халыққа тіке барып, олармен сөйлесіп, түсіндіру керек. Өзіміздің халқымыз ғой, олар қандай да бір жауап естігісі келеді", - деді Назарбаев.

Қазақстанды 30 жыл билеген Назарбаев 2019 жылдың 19 наурызында президенттіктен өз еркімен кетті. Конституция бойынша Назарбаевтан кейін президенттікке келген Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда өткен сайлауда биліктегі "Нұр Отан" партиясының атынан сайлауға түсіп, ел президенті болды. 

Жыл басынан бері Қазақстанның бірнеше қаласында билікке наразы халық митингке шықты. Нұр-Сұлтанда көп балалы аналар Ақорданың алдында наразылық өткізіп, "Бізбен сөйлесуге Назарбаев келсін, Тоқаев келсін" деген талап қойды, бірақ алаңдағы аналармен сөйлесуге Назарбаевта, Тоқаевта келген жоқ.



 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір