• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:44:43
Алматы
+35°

28 Тамыз, 2019 NEWS

Алаш арыстарына ескерткіш ашылды

Мүсіннің  биіктігі 3,15 метр, салмағы 2 тонна.

Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермекұлының құрметіне ескерткіш ашылды, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Елдос Тоқтарбай атты фейсбук қолданушысы жазды.

"Бүгін Алаш идеясының алтын бесігі – Қарқаралы қаласында "Алаш арыстары" ескерткіші ашылды. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермекұлы аталарымыздың құрметіне. Құтты болсын!

Қуан, қазақ! Шаттан, Алаш! Өшкенің жанып, елдігің тұғырына шығып, өлгенің тірілген күн екен! Қарқаралы ауданының әкіміне, ескерткішті орнатқан қаһармандарға мың алғыс!

PS: Шіркін-ай, Жетісудың қақ ортасында Барлыбек Сырттанұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Садық Аманжолұлы, Ыбырайым Жайнақұлы, Біләл Сүлейұлы, Базарбай Мәметұлы сынды жетісулық Алаш арыстарына осындай еңселі ескерткіш қойылса, жақсы болар еді..."  – дейді ол.

Ескерткіш авторлары – жергілікті суретші Сәкен Дәулетбаев, мүсіншілер Талғат Байоразов пен Кенжебек Қошантаев. Мүсіннің  биіктігі 3,15 метр, салмағы 2 тонна.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір