• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 01:53:11
Алматы
+35°

Жамбыл облысында өрт шығу ошақтарын бақылау жұмыстары ғарыштық мониторинг арқылы жүргізілуде. Мәселен 2019 жылы облыс аумағының ғарыштық мониторингін жүргізуге облыс бюджетінен 5 млн.200 мың теңге бөлінді. «ГеоСат» ЖШС-мен келісім шарт жасалды. Қазіргі уақытта орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері күніне 3 рет Облыстың мемлекеттік орман қоры аумағын «Қазавиаорманқорғау» РМҚК жалпы алаңы 3,2 млн. гектар авиатехникамен ұшу арқылы аралауда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі

«Қазавиақұтқару» АҚ авиатехникасымен облыс аумағындағы өрт қауіпті учаскелерді аралап шығу және олардың өртке қарсы жағдайына мониторинг жүргізу үшін ағымдағы жылы облыс әкімдігімен 42,8 млн теңге (48 ұшу сағаты) бөлінді. Сонымен қатар, 2018 жылы жергілікті бюджеттен 21 млн. теңге сомасына ұшқышсыз ұшу аппараты ("Суперкам Х 6М2М") сатып алынды.

Мемлекеттік орман қорының аумағына және автомобиль жолдарының бойында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау тақырыбына 315 аншлаг, 40 панно және 25 билборд, 10 баннер орнатылды және жаңартылды. Орман өрттерін дер кезінде анықтау үшін 18 өрт бақылау мұнарасы орнатылды. Мемлекеттік мекемелердің аумағына кіретін жерлерде қосымша 24 бақылау пункті орнатылды.

Республикалық маңызы бар автожолдарда жол қызметтерінің жұмыс жоспарына сәйкес 1074 км қашықтықта орман екпелерінің бойында, облыстық маңызы бар автожолдардың бойында 367 км қашықтықта және темір жолдардың бойында 104 км қашықтықта жырту жүргізілді.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар облыстың ТЖ Департаменті мен БАҚ өкілдерімен бірлесіп орман және дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша белсенді алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

Алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджет есебінен Департамент жалпы сомасы 1 млн 78 мың теңгеге өртке қарсы тақырыптағы 140 мың дана баспа өнімдерін алды.

Орман қоры аумағындағы 395 орман пайдаланушылармен өртке қарсы күрес шараларын ұйымдастыру жөнінде келісім-шарттар жасалды. Меншік түріне қарамастан, ауыл шаруашылығы техникасының техникалық жағдайына, ұшқын өшіргіштердің болуына, өртке қарсы талаптардың сақталуының қажеттілігі бойынша 5 мынан астам жадынамалар және ескерту хаттары шаруа қожалықтарының және басқа да ауыл шаруашылығы субъектілерінің басшыларына табысталды.

Ауыл шаруашылық субъектілерінің бірінші басшылары мен қызметкерлерімен, саяжай массивінің тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы 2820 адамның қатысуымен 459 нұсқаулық өткізілді, 1014 адамды қамти отырып, 142 жиын ұйымдастырылды.

Ауыл шаруашылық субъектілерінің бірінші басшылары мен қызметкерлерімен, саяжай массивінің тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы 514 адамның қатысымен 52 дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір