• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:29:56
Алматы
+35°

Елбасының тікелей бастамасымен моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында Жаңатас қаласында да көптеген тірліктер атқарылып, қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалы түзелді. Ел арасында «Жаңа Париж» атанып кеткен Сарысу ауданының орталығында қираған үйлер тазаланып, жарамдысы жаңғыртудан өтіп, тұрғындар игілігіне берілуде. Бос тұрған тұрғын үйлердің жөндеуден өтіп, тұрғындар иелігіне тапсырылуы тіршілік дүбірін тіпті жандандыра түсті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жолдарды жөндеу, су құбырларын тарту, газ құбырын жүргізу, ауылдарды көріктендіру, абаттандыру, бизнесті дамыту бағытында нақты міндеттер жүзеге асуда. Ауданның мәдени-рухани саласы жылдан-жылға жақсаруда. Соңғы жылдардың өзінде қаланың білім, мәдениет ошақтары, кітапханалар заманауи үлгіге өтіп, жаңа технологиямен жұмыс істеуге көшті.

Бүгінде жаңарған шаһарда пәтер кезегінде тұрғандар саны жетерлік. Кезекке тұрғандар жыл сайын, қайта жаңғыртудан өткен үйлерден пәтерге ие болуда. Жаңатастықтарға қуанышты күн яғни жаңа қоныс тойын тойлайтын күн алыс емес. Осындай қайта жаңғыртудан өтіп жатқан №2 шағын аудандағы 70 пәтерлі №29-шы үйдегі жүргізіліп жатқан құрлыс жұмыстарының барысымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков танысып, құрылыс жұмыстарының сапасына баса назар аударды.

Құрлыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігермен кездескен Бекболат Серікбекұлы пәтерлерге арнайы кіріп көріп, тұрғындардың қауіпсіздігі мен қайта жаңғыртылып жатқан көпқабатты үйдің сапасына жауапкершілікпен қарауды мықтап тапсырды.

Облыс әкімінің келесі сапары Сарысу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы болды. Онда орталық директоры Темірлан Әбдіреев және орталық қызметкерлері атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Бүгінгі таңда қолға алынып жатқан атаулы әлеуметтік көмектің берілуі мен аудандағы жұмыспен қамту мәселесімен түбегейлі танысып шыққан Б.Орынбеков орталықта көрсететін мемлекеттік қызметтерді жандандырып,»Еңбек нтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір