• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:25:20
Алматы
+35°

03 Қыркүйек, 2019 NEWS

ШҚО Үржар ауданында бассейн мен көпқабатты тұрғын үй салынады

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзу бассейні салынады.

Бұл туралы өңірлік коммуникацияялар қызметінде өткен брифингте Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин айтып берді.
 
Аталмыш нысанның құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 316 млн. 900 мың теңге, жергілікті (аудандық) бюджеттен 28 млн. 800 мың тенге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. 
 
Ағымдағы жылы әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға арналған бағдарламаны іске асыру мақсатында Үржар ауылындағы 60 пәтерлі тұрғын үй нысанының бюджеттік өтінімі ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына өткізілді. Жобаның құны 713 млн. 500 мың теңге. 
 
– Осы үйлерді сыртқы инженерлік желілермен (электр желісімен, сумен, кәріз жүйесімен, телефон желісімен, жылу жүйесімен) қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, сараптамадан өткізілді. Жобаның құны 174,0 млн. теңге.  Сыртқы инженерлік желілерін тарту жұмыстарын бастауға жергілікті бюджеттен 500 мың теңге бөлініп  мемлекеттік сатып-алу конкурсы жүргізілуде, – деді Серік Зайнулдин.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір