• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:22:04
Алматы
+35°

10 Қыркүйек, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Ішкі моңғолды қытайлар қалай жаулап алды…

Қытайлар өстіп мылтықтың дауысын шығармай, жалшылыққа келіп жүріп моңғолдарды жаулап алды!

"Біздің ішкі Моңғол елінде өткен ғасырдың 50 жылдарына дейін бір қытай болмады. Анда-санда бірер қытай келсе, моңғолдардың бәрі атқа қонып, оларды шекарадан асқанша қуып жіберетін. 50 жылдары біздің ауылға 80 жастағы әрең жүрген бір қытай келді. Еңкіш тартқан, өзі әрең жүреді. Әлгі қытай көктем басталысымен өзен жағасына келіп жатты. Біз оны адам құрлы көрмедік. Не ішіп, не жеп жатқанын білмейміз. Әйтеуір, келді де, сол жерде жатты. Оны адам деп есептеп қумадық та. Кәрі болғанына қарамай, жақын жердегі ауылдарға барып, солардың малын қайырысып, жұмысын тегін істеп беріп жүрді. Өзеннің жағасына жеміс пен көкөніс егіпті. Солар жайқалып шыға бастады. Біз осынша көп жемісті алғаш рет сол қытайдан көрдік. Еттен басқаны білмейтін моңғолдар оның көкөнісін қызықтап, содан дәмін келтіріп істеп берген тамағын жеп көрдік. "Ееей, мынау жеуге болатындай дәмді екен!" деп таңғалыстық. Осылайша күз болып, күн суып, ол шал үсіп өлетін болған соң бір моңғолдың үйін барып паналады. Ол моңғолдар ұсақ-түйек жұмысына көмектескен кәрі қытайға риза болып, қолдары да жеңілдеп қалды. Көктемде ол шал моңғолдарға жалынып: "Менің бір ұлым бар еді. Соны ертіп келіп, осы жерде тұра берсем қалай қарайсыңдар?" дейді. Оны қыстатып шыққан моңғолдар келісе кетеді.

Сонымен, әлгі шал баласымен бірге солардың үйінде тұрып, моңғолдардың барлық жұмысын тегін істеп беріп, қарық қылып тастады. Оны көрген маңайындағы моңғолдар да қытай жалшы іздей бастады. Олар айлық алмайды. Ақысыз, пұлсыз жұмыс істейді! Моңғолдардың қолдары босап, ішіп-жеп, қарнын сипап қана жататын болды. Сөйтіп, 5-10 жылдың ішінде жалшылыққа келген қытайлардың саны сол жердегі моңғолдардан асып түсті де, осы 40-50 жылдың ішінде қытайлар 18 миллионға жетіп, моңғолдың саны 2 миллионнан аспай қалды. Енді бізге бас көтеру мүмкін болмады. Қытайлардың өздерінің өте көп ерекшелігі бар: ешқандай жұмысты таңдамайды, арланбайды, көшеге немесе кез келген шаңдақ жерге отыра қалып, моңғолдың етігін майлап, арбасын жөндеп беріп, не айтсаң да сол жұмысты істей береді. Тиын-тебеннің бәрі қытайдың қалтасында. Моңғолдың кеудесін қарасаңшы, ештеңесі жоқ болып жүріп, сонда да тізесін бір бүкпейді. Қытайлар өстіп мылтықтың дауысын шығармай, жалшылыққа келіп жүріп моңғолдарды жаулап алды!"

Бурахан Сағидан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір