• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:24:27
Алматы
+35°

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын қолдауға бағытталған Бірыңғай күннің шеңберінде Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының кезектен тыс отырысы өтті.Отырысқа этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен басшылары, ҚХА мүшелері, Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, қоғамдық келісім кеңесі, «Жаңғыру жолы» ЖҚ мүшелері, Жамбыл облысының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысты.

Модераторлық тізгінді өз қолына алған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы меңгерушісінің орынбасары Жақсылық Жасөркен Берікұлы Жолдаудың қоғамды қозғаған сұрақтарға жауап болғанын айтты.

Жасөркен Берікұлы «2 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы айтылды. Президент қоғамды толғандыратын бірқатар мәселелер бойынша айқын шешімдер қабылдап, тапсырмалар берді. Президентіміз Қ.Тоқаев Жолдауында түрлі мәселелер, соның ішінде мемлекеттік тіл, мемелекеттік қызмет, азаматтық қоғам, этносаралық татулық сияқты бірқатар тақырыптар қозғалды. Сондай-ақ, Президентіміз аталған мәселелердің толық жүзеге асуына уәде беретінінде айтты.»-деді, өз сөзінде.

«Жолдаудағы бірінші кезектегі міндеттер» туралы Тараз қаласының Өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі - Зайнутдинов Абдрахман Юлдашевич өз ойын ортаға салды. Сомен қоса, «Еріктілер – бастамшылық қасиетін дамытатын ерекше мүмкіндік» туралы облыстық еріктілер жетекшісі Нұрділдаұлы Медет өз пікірімен бөлісті. Ал, «Отбасы және аналар институтына қолдау» туралы облыстық ҚХА Аналар кеңесінің жетекшісі Миражапова Мухаббат Сайдуллақызы «Ел Президенті Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында отбасылық құндылықтарға, отбасы мен балалар институтын қолдауға, инклюзивті қоғам құруға ерекше назар аударды. Мен Президенттің Жолдауына ана және педагог ретінде өте ризамын. Президент отбасы құндылықтарына, отбасы мен неке институтын нығайтуға және мемлекет тарапынан қолдауға ерекше көңіл бөлетінін жеткізді. Менің түсінігімде, егер отбасы мықты және күшті болса, мемлекет де солай болады. Бізге саналы жастарды тәрбиелеу керек.»-деді, баяндама барысында.

Жиын соңында «Президент Жолдауында жаңашылдық» туралы М. Х. Дулати атындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы төрағасының орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты - Мамедова Парида өз ойымен бөлісті. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы сайлауалды тұғырнамада айтылған көптеген

бағдарламалардың көрінісі болды. Менің ойымша, бұл Жолдауды халықтың көпшілігі жақсы қабылдайды, өйткені ол әртүрлі әлеуметтік топтарға бағытталған, ал мемлекеттік билік органдары үшін Президент алдағы кезеңге қойған өзекті міндеттерді шешуге нақты бағдар беріледі. Жолдаудағы жаңашылдық «Үкіметке жыл соңына дейін жұмыс істеп өздерінің жинақталған зейнетақы қорының бір бөлігін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды, мысалы, тұрғын үй сатып алу немесе білім алу үшін пайдалану». Бұл шара өзінің зейнетақы жинақтарын адал аударатын Қазақстандағы көптеген отбасылардың қаржылық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді»-деді, кафедра меңгерушісі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір